Қоржынында талай қазынасы бар Болат Омарәлиев еліміздегі ең байырғы фототілшілердің бірі. Сонау 1980 жылы «Егемен Қазақстан» арнайы фотобайқау өткізген кезде, ол кісінің бірінші орын алғанын көпшілік ұмытса да, газет шежіресі ұмытпасы анық. Одан кейін де «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» сияқты басылымдардың байқауында топ жарған қағылез фотограф Ресей, Польша, Украина елдерінде фотокөрмесін өткізген.
Ендеше бұл жолы фотографтың табиғаттың тосын құбылыстарына құрылған бір ғана суретіне тоқталмақпыз. Бұл фотоға «Өрт қалдырған өнер» деген тақырып қойдық. Егер Омарәлиевтің тек қана «Табиғаттың өзі мүсінші» деген қас қағымдық жұмыстарын жинастырсақ, оның өзі бір фотосерияға айналған болар еді.
Бұл сурет туралы фототілшінің өзі былай дейді: «Сонау 1980 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Мұстафа Шоқай ауылына бардық. Жабайы қоян, қырғауыл фотообъективке іліне ме деп, ыңғайланып келе жатсам, алыстан биік адамның сұлбасын көрдім. Қашықтан қарағанда құшағын жазып тұрған адам сияқты. Жүрегім су ете қалды. Жақындап келсем, әйдік қарағаш. Құдды билеп тұрған қыз секілді. Жан-жағындағы жыңғыл, шеңгелдер түгел өртенген».
Шынында да Омарәлиевтің шығармашылық мұрағатынан мұндай суреттердің бір парасы шығады. Мектепте жүргенде-ақ бейнелеу өнеріне қызыққан Болат ағамыз алғаш рет фотоаппаратты 15 жасында қолына алады.
– 16 жасымда тұңғыш фотоэтюдім облыстық газетке шықты. Бұл сол заманда айтарлықтай жетістік болатын. Ол кезде Алматыда Сайлау Пернебаев деген фототілші болды. Ол кісі біздің қазақтан шыққан тұңғыш фотоэтюдші. Соған еліктеп жүрсем де, оған ұқсатпай фотоэтюдтің басқа түрін түсіре бастадым. Содан бері де жарты ғасыр өмір өтіпті. 48 жыл бойы Қызылорда облыстық «Сыр бойы» деген газетте фототілші болып жұмыс істедім. Өткен жылы зейнетке шықтым, – дейді шежірелі әріптесіміз.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026