ОҚО-да арнайы екі жұмыс тобы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңадан бекітілген бағдарламаны халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» насихаттау бағытында құрылған топтар Кентау, Түркістан, Созақ, Шардара, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт, Бәйдібек аудандары мен Шымкент қаласында болып, жаңа жобаның жай-жапсарын айтып берді.
Семинар-мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Амангелдіұлы жаңа бағдарламаны міндетті түрде ауыл әкімінен бастап тиісті мемлекеттік мүдделі бөлім қызметкерлеріне дейін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, алдағы уақытта ауылдық округ әкімдері, бағдарламаны іске асыруға жауапты мамандар оның жүзеге асыру тетіктері мен заңнама нормаларын қолдану барысына тестілеу жүргізілуі жоспарланғанын атап өтті. Осыған орай, түсіндірме жұмыстары бойынша тиісті нәтиже шығарып, іске асыру үшін жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар берді.
«Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» сынды үш бағыттан тұратын жаңа бағдарлама шеңберінде тек биылғы жылдың өзінде облыста 11 мыңнан астам адамды кәсіби оқытумен қамту көзделуде. Оның 5 мыңға жуығын тегін кәсіби даярлаудан өткізу жоспарланған. Одан бөлек, бағдарлама шеңберінде беріліп келген шағын несиенің көлемі 3 млн.теңгеден 16 млн. теңгеге дейін ұлғайған. Бұл жұмыстар үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлініп, 64,3 мың адамның қатысуы жоспарлануда.
• 16 Қаңтар, 2017
2017 жылы ОҚО-да 11 мың адам кәсіби оқумен қамтылмақ

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026