Шекарадағы 23 өткізу бекетінің инфрақұрылымы жақсартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
«Кедендік процестерді сырттай бақылау шекарадағы кедендерде ескі және тиімділігі төмен бекеттердің бар екендігін көрсетеді. Қазақстан-Қытай шекарасындағы кеден бекеттерінің инфрақұрылымын жаңғырту үшін мемлекеттік-жеке серіктестік ұстанымдары негізінде «Нұрлы жол» және «Қалжат» автомобиль өткізу жаңа бекеттерінің құрылысы жүргізілуде. Мұнан ары үкіметаралық займ тарту есебінен тағы 23 өтізу бекетін жаңғырту әрі қосымша жабдықтау жоспарланған», - деді Сұлтанов.
Оның айтуынша, жаңғыртылған автомобиль өткізу бекеттері заманауи сауда-логистикалық орталықтармен жабдықталады. Бұл шекараның өзінде тауар шығаруға мүмкіндік береді. Мәселен, бұзушылықтар тәуекелін басқарудың анықталған жүйесі болмағанда тауарларды шығару шекарада 29 минуттың ішінде жүргізіледі.
«Бұл уақыт (29 минут) болжамды көрсеткіш емес. Ол нақты іс жүзінде есептелген. Өздеріңіз де білетіндей, Астана қаласында жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылды. Онда мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүргізу үшін барлық бақылаушы органдар шоғырландырылған. Бұл жерде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тауарларды сақтау мен сұрыптауды қоса алғанда логистикалық қызметтің толық кешенін алады», - деді министр.
Сұлтановтың атап өтуінше, кедендік рәсімдеудің осындай төрт аймағы (Солтүстік, Оңтүстік, Батыс пен Шығыс Қазақстанда) таяу арада ірі қалаларда пайда болады. Мұның барлығы «Қазақстан темір жолы» ұлттық операторымен бірге мемлекеттік-жеке серіктестік ұстанымы негізінде жасалады.
• 16 Қаңтар, 2017
Шекарадағы өткізу бекеттерінің инфрақұрылымы жақсартылады

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026