Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда ҚХА Қоғамдық кеңестерінің тәжірибесі, Парламент Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобы жұмысының нәтижесі және басқа да мәселелер талқыланды.
Шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ресей Федерациясы Ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Игорь Баринов, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ресейлік делегацияның мүшелері қатысты.
Жиынды ашқан Ералы Тоғжанов ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің бүгінгі отырысы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналатынын айта келіп, ұйымның халықтың бірлігі мен татулығын нығайту жолындағы бүгінгі қызметіне тоқталып өтті.
Бұдан кейін сөз кезегін алған ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко қоғамдық кеңестердің негізгі міндетіне назар аударды. Оның сөзіне қарағанда, бұл кеңестің негізгі міндеті – азаматтық қағидаттар негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа да бірлестіктерді жұмылдыру, сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және қазақстандық патриотизмді насихаттаудың тәсілдерін әзірлеу. Бұдан бөлек, Л.Прокопенко қазіргі таңда еліміз бойынша 2207 қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейтінін, оның 16-сы аймақтық, 40-ы қалалық, 172-сі аудандық, 1861-і ауылдық жерлерде, ал 118-і ірі кәсіпорындар жанынан құрылғанын атап өтті.
Сонымен бірге, ол Ассамблея жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары негізінде жүргізіліп отырғанын сөз етті.
– Президент Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаны жүзеге асыру аясында Қоғамдық келісім кеңесін құруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Ассамблеяның басты міндеті этносаралық келісімді сақтап қана қоймай, қоғамдық келісімді нығайтуға да үлес қосу керек, – деді Л.Прокопенко. Оның айтуынша, Президенттің Қоғамдық келісім кеңесін құру туралы тапсырмасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына да қосылған.
Отырыста депутаттар, ҚХА-ның өңірлерден келген мүшелері сөз сөйлеп, ұйымның ел дамуындағы өркенді істерін кеңінен әңгімелеп берді. Мәселен, депутат Юрий Тимощенко ҚХА депутаттық тобы бейбітшілік пен келісім жолында ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
– Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық мәселелер жөніндегі институт қана емес, қоғамдық келісімнің басты құралы, – деді ол.
Отырыс барысында Ресей Федерациясы Ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Игорь Баринов сөз сөйлеп, Қазақстанда қоғамдық келісім мен татулықты арттыру бағытында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстардың көп екеніне тоқталды. Сонымен бірге, ол ұлтаралық және қоғамдық келісім институттары туралы ойларын ортаға салды.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
Өнер • Бүгін, 19:15
Астанадағы өрт: 800 шаршы метр аумақты жалын шарпыды
Төтенше жағдай • Бүгін, 18:28
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 17:20
Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласқан
Қылмыс • Бүгін, 17:00
Соғыс сарбазының сүйегі туған жеріне қойылды
Қоғам • Бүгін, 16:30
Биыл жаңажылдық шырша қаншадан сатылып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 16:15
«Барыс» «Амурдан» ұтылып қалды
Спорт • Бүгін, 16:00
Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Әлем • Бүгін, 15:47
БҰҰ: Денсаулық сақтауға инвестиция салынбаса, бұдан да жойқын пандемияға тап боламыз
Денсаулық • Бүгін, 15:30
Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
Кино • Бүгін, 15:10
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді
Әлем • Бүгін, 15:00
2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?
Қоғам • Бүгін, 14:45
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 14:30
Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?
Сұхбат • Бүгін, 14:21
Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді
Спорт • Бүгін, 14:10