Мойындауымыз керек, тақыр жерге елорданы салған Елбасының еңбегі ерен. Оған талас жоқ. Астана күннен күнге көркейіп, өсіп-өркендеп келеді. Астаналықтар да, келімді-кетімді қонақтар да аз уақыттың ішінде елорданың адам танымастай өзгергенін тамсана да таңдана әңгімелеп жатады.
Бұл – шындық.
Әйтсе де Астананың «әттеген-ай» дейтін әлеуметтік мәселелері де жоқ емес. Соның бір-екеуіне тоқталайық. Мәселен, суағар. Мұны Елбасының өзі де бірнеше рет айтты. Бірақ, нәтиже шамалы. Енді-енді қимыл-әрекет байқалатындай. Оң жағалауды қайдам, сол жағалауда көше бойларынан арықтар қазылып жатыр. Жұмыс істеп жатқандардан жөн сұрағанымызда, суағар екенін білдік. «Енді жаңбыр жауса, құрғақ жер іздеп, секіріп секеңдемейтін болдық-ау» деген ойға келіп, ішіміз әжептәуір жылып қалды. Жасыратын несі бар, Астанада төкпе жауын бір сәт төпелеп жауса, көше-көше көлшікке айналады. Шалшық суға малынудан сескеніп, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап, қай тұстан өтерін білмей абдырап тұрған адамның үсті-басын жүйткіп өткен көліктің малмандай қылғанын талай мәрте көз көрді.
Астананың оң жағалауы орныққан қала болғанын білеміз, ал сол жағалау жаңадан салынды ғой. Көшелерді жобалағанда суағарды да қарастыруға болмас па еді? Сонда екі шығын шықпас еді. Жаңбыр жауса, жүргіншілер жан-жағына жалтақтап, әбіржіген күй кешпес еді.
«Ештен – кеш жақсы». Астана қанатын кең жайып келеді дедік. Жаңа құрылыстар салынып, жаңа көшелер төселетіні анық. Міне, осындай құрылыстарды жобалау мен жолдарды салу барысында суағарларды да ескерсе деген ой ғой біздікі. Бұл – бір мәселе.
Осы мақаланы дайындау барысында Астана қаласы әкімдігінен жақсы хабар жетті. Біз көтеріп отырған мәселеге байланысты үш жылдық жоспар жасалып, қажетті қаражат бөлінетін болыпты. Дұрыс-ақ. Енді осы жоспардың жүйелі түрде жүзеге асуын тілейік.
Екінші мәселе – Астанадағы көлік кептелегі. Бұл туралы да бұған дейін тиісті мекемелерге құлаққағыс ретінде мақала («Жүйкені жұқартқан жыпылық», «Егемен Қазақстан», №106, 4 маусым, 2016 жыл) жазған едік. Ең сорақысы, көлік кептелегін қолдан, жасанды түрде жасайтынымыз жанға батады. Полиция қызметкерлері бағдаршамдардың «көзін» жыпылықтатып қояды да, ала таяғымен жол қозғалысын реттейді.Таңертеңгі сағат жеті жарымнан бастап кептелекте тұрған көліктердің бірінен кейін бірі дамылсыз дабылдатқан «даңғаза дауысынан» құлақ тұнады-ау, құлақ тұнады. Көше бойындағы көп қабатты үйлердің тұрғындарын шырт ұйқыдан осы «дауыс» оятады. Олардың да іштей кіжініп, реніш білдіретіні анық. Басқасын айтпай-ақ қояйық, мәселен, Орынбор көшесінің бойы таңертеңгі уақытта азан-қазан болады. «Мәңгілік Ел» монументі мен Министрліктер үйі аралығында көліктер иін тіресіп тұрады. Көліктердің иелері қарап тұрмайды ғой, жүйкелері сыр бергендері сигналды үстін-үстіне басып, көше бойын иқу-қиқу қылады. Көңілге қаяу, жүйкеге салмақ түсіретін көрініс бұл. Бір рет емес, екі рет емес, күнде осы.
Ал жол бойында, бағдаршамдардың қасында опыр-топыр болып тұрған жаяу жүргіншілер қандай көңіл күйде болады дейсіз? Кейде олардың жолдан өту үшін он-он бес минут күтуіне тура келеді. Өйткені, жол қозғалысын реттеуші полицейдің кейде көліктерді бір бағытта көбірек жіберіп қоятыны бар. Мұндай кезде жолаушылардың ұзағырақ күтуіне тура келеді. Соған шыдамай, жүргіншілер полицейдің «сыбағасын» бергенін де құлақ естиді. Жүргіншіні де түсінуге болады, күйінгеннен өшін полиция қызметкерінен алмағанда қайтеді енді? Бір шетінен, қараптан-қарап балағат сөз естіген полицейдің де кінәсі жоқ. Оның жұмысы, тапсырманы орындап тұр. Тіпті, сыпайылап айтқанда, «сыбағасын» алып жатса да, бір орнынан қозғалуға мұршасы жоқ. Көрдіңіз бе, бір кептелектің салдарынан қаншама бейкүнә адамның санасына салмақ түсті, көңіл күйі бұзылды.
Ғалым
ОМАРХАН,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты
Әлем • Бүгін, 21:48
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 21:33
Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды
Оқиға • Бүгін, 21:23
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Бүгін, 20:42
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Оқиға • Бүгін, 20:17
Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Әлем • Бүгін, 19:42
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:45
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді.
Оқиға • Бүгін, 18:25
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45