28 Қыркүйек, 2016

«Балапанның» көрерменге тартуы

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
era_4585«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Балапан» телеарнасының алты жылдық белесіне орай балаларға арналған мерекелік шара өтті. «Балапан» телеарнасына тура алты жыл  толып отыр. Отандық жалғыз бала­лар арнасының осы жылдарда кіш­кен­тай көрермендер көңіліне жол тап­қаны анық. Ата-әжелеріне сериал көр­сет­пей, «Балапанға қоямын» деп пульт­ке тала­сатын ботақандар соның айғағы. Біздің әрқайсымыздың балапандарымыз телеарна ұсынып жүрген «Әли мен Айя», «Сәлем, Астана!», «Көжектер», «Данышпан қарға» сынды отандық мультхикаяларды жақсы көреді. Телеарнаның «Алғыр алтау», «Ойлан, тап!», «1000 түрлі сұрақ» бағдарламалары да балалардың ойлау көкжиегін кеңейтеді, шапшаңдыққа баулиды деп есептейміз. «Балапанның» туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Мерекелік шараның алғашқы бөлімінде бүлдіршіндер «Сәлем, Астана!» мультхикаясының әнін орындап, сайыс­қа түсті. Темір тұлпарды тізгіндеген 6 бал­ғын шабандоздық қабілеттерін сынап көрді. Одан соң «Ойлан, тап!» бағдарла­масының жүргізушісі Риза Данияр сайқы­­мазақ бейнесіне кіріп, кішкентай көрер­мендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Балдырғандар цирктен әкелінген май­мыл­дың да өнеріне тәнті болды. Мерекелік шара барысында «Бала­панның» үздік көрерменін анық­тау мақ­сатында үлкен экран арқылы кейіп­кер­лерді табу тапсырылды. Кейіп­керлер ішінде «Көжектер» мульт­хикаясын­дағы Үркек, «Джунгли кітабын­дағы» Балу, «Айжұл­дыздағы» Төре мен Зере, Әли мен Айя, Майялар балаларға жасырылды. «Балапанның» кішкентай көрер­мендерге дайындаған тартуының бірі –лотерея ойыны. Бұл тек балақайлар үшін емес, ата-аналар үшін де қызықты ойын болды. «Балапанды» туған күнімен құттықтауға келген «Нұрсәулемай-Еркетай», «Қарақат» студиясының балдырғандары жиылған көпшілікке өнерлерін тарту етті. Айта кетейік, мерекелік шарада сиқыр­шылар өнер көрсетті. Шараны барлық балалар тікелей эфир арқылы тамашалады. Сондай-ақ, алматылық балақайлар тікелей эфир арқылы «Балапанға» тәтті тілектерін арнады. Мерекелік шара «Балапанның» әнұранымен қорытындыланды. Айгүл СЕЙІЛОВА,                «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»