Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің «Тобыл-Торғай әуендері» авторлық кеші өтті.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне арналған кеш қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Композитордың «Қостанай туралы ән», «Қайдасың, аңсағаным?», «Сен мені түсінесің бе?», «Аяулы жан аға», «Тобыл таңы», «Жиһан шапағат», «Әке арманы», «Қимадан ба едің, қалқатай?», «Сағыныш сазы», «Айлы түнде», т.б. әндері шырқалды. Сонымен қатар, халық композиторлары Әбілахат Еспаев, Бақытжан Байқадамовтың лирикалық әндерімен қатар Б.Сәуекенов, Б.Хамзин, Б.Мұқашев, Қ.Мақанов, Т.Сейдахметовтың шығармалары орындалды. Белгілі әншілер Досымжан Таңатаров, Есет Сәдуақасов, Сүлеймен Ибрагимов, Ғазиза Жұмекенова, Гүлмира Сарина, Жанатбек Қадіров, Нұрболат Арзамасұлы және т.б. өнер көрсетті.
Өнер иесін қоғам қайраткері Аманжол Сейітжанов құттықтап, иығына шапан жапты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенов өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, қаламгер Жұмабек Кенжалин, Ләйла Молдағалиқызы ізгі тілектерін арнады. Қалибек Деріпсалдин өз сөзінде концертінің өтуіне қолдау көрсеткен тұлғаларға алғыс айтты. Композитордың шығармашылық кешіне өнердегі достары мен әріптестері арнайы келіп құттықтады.
Сазгердің авторлық туындылары М.Бесбаев, С.Майғазиев, Е.Сәдуақасов, Д.Таңатаров сынды белгілі әншілер мен «Нұр-Мұқасан» дуэтінің репертуарына енген. Ол қазақтың көрнекті ақындары Ғафу Қайырбеков, Тұманбай Молдағалиев, Мәриям Хакімжанова, Кәкімбек Салықов өлеңдеріне бірнеше ән жазған. Қазіргі таңда Серік Тұрғынбекұлы, Серікбай Оспанов, Ақылбек Шаяхметұлы, Нағашыбай Мұқатов және т.б. ақындармен шығармашылық байланыста.
Қаршыға КҮЛЕН

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты
Әлем • Бүгін, 21:48
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 21:33
Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды
Оқиға • Бүгін, 21:23
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Бүгін, 20:42
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Оқиға • Бүгін, 20:17
Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Әлем • Бүгін, 19:42
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:45
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді.
Оқиға • Бүгін, 18:25
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45