28 Қыркүйек, 2016

Байқау жүлдегерлері анықталды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің 3-17 жас аралы­ғындағы 350-ден астам балалары  «Алтын қалам» және «Балауса болашақ» дәстүрлі байқауларына қатысты. Теміржолшылардың бала­ларын әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында компания ұйымдастырған бұл сайыс еркін тақырыпқа және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тақырыбына арналды. Байқау комиссиясының шешімі бойынша, 70-тен астам бала жеңімпаз атанды. Оларға бағалы сыйлықтар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. «Байқау деңгейі сан жағы­нан да, сапа жағынан да жыл­дан-жылға жақсарып келе­ді. Биылғы жылы бізді жаңа талант­тар қуантты. Олар – Яс­мин Түсіпова, 5 жасқа дейінгі бүл­діршіндер арасында сурет байқауынан бірінші орынға ие болды. 10 жасқа дейінгі балалар арасында қара өлең жазудан Әділет Орындықбай мен 14 жасқа дейінгі балалар арасында проза жазудан Мөлдір Шыңғыс алдарына жан салмады», – деді Адам ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері Қорлан Медиханова. Қ.Медиханова келесі бай­қауға болат магистральдің шал­ғайдағы учаскелерінде тұра­тын бүлдіршіндерден  биыл­ғыдан да көп өтінім түсе­тініне сенімді. «Егемен-ақпарат»