Президент • Бүгін, 13:14

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция елімізді ілгерілететініне ешқандай күмәнім жоқ

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция елімізді ілгерілететініне ешқандай күмәнім жоқ

Фото: Ақорда

Журналистердің бірі әлемдік тәжірибеде конституциялық реформа ұзақ уақытқа созылады, ал бізде жаңа Конституцияны дайындауға және талқылауға аз ғана уақыт жұмсалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған халықаралық байқаушылар назар аударып, сынға алған.

«Бұған дейін айтқанымдай, Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгені өздеріңізге мәлім. Сол кездің өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Бірақ біз ондай қадамға бармадық. Дегенмен жаңа Конституция қабылдау туралы идея пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Қазақстан, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуға тиіс. Бұл Конституция елімізді ілгерілететініне ешқандай күмәнім жоқ. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек. Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды. Ел тағдыры өз қолымызда. Сол үшін табанды еңбек ету керек. Алдымызда тұрған ең үлкен мақсат – осы», деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Соңғы жаңалықтар