Референдум • Бүгін, 14:00

Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығында тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының кезекті брифингі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр

Журналистермен жүздескен «Social Project Management» орталығы қоғамдық ұйымының мүшесі Ерлан Тәңірбергенов пен Ауған ардагерлерін үйлестіру кеңесінің мүшесі Мақсат Мамадияров референдумның өту барысы туралы мәліметпен бөлісті.

Брифингке қатысушылар Алматы тұрғындарының ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға белсенді үлес қосып жатқанын атап өтті. Дегенмен сарапшылардың болжамынша, дауыс берушілердің легі түстен кейін қарқын алмақ. Қала аумағында барлығы 1300-ден астам тәуелсіз байқаушы референдумның әр сәтін қалт жібермей қадағалап отыр. Сондай-ақ қаланың барлық аудандарынан 80-ге тарта маман соңғы ақпараттарды жедел штабқа жолдап отыр.

Ваагн Овакимян: Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым

Мақсат Мамадияровтың айтуынша, тәуелсіз бақылаушылар таңғы сағат 07:00-ден бастап барлық референдум учаскесінде жұмысын бастаған.

«Қазір біздің 1308 тәуелсіз бақылаушымыз учаскелерде жұмыс істеп отыр. Сонымен қатар 654 капитан бақылау процесін үйлестіреді. Бұдан бөлек, мобильді топтар да бар. Қазіргі уақытқа дейін қандай да бір заңға томпақ әрекет тіркелген жоқ. Алматы тұрғындарының белсенділігі таңнан басталды. Бұл бізді қуантады. Дауыс беру нәтижелері мен қатысу көрсеткіші туралы ақпаратты кешке жариялаймыз», деді Мақсат Мамадияров.

Спикерлер азаматтарды арандатушылықтарға сенбеуге шақырып, тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне назар аударуға кеңес берді.

«Біз барлық учаскені жіті бақылап отырмыз. Қандай да бір заңбұзушылық анықталған жағдайда, бұл туралы сенімді ақпарат көздері арқылы хабарлаймыз. Референдум барысында түрлі әсерлі сәттерге куә болдық. Мәселен, бүгін 18 жастағы алматылық өз туған күнінде келіп, тарихи таңдауға үн қосты. Тағы бір 101 жастағы әжей референдумға өз аяғымен келіп, елімізге баянды бақ тілеп, бата берді», дейді Ержан Тәңірбергенов.

Республика бойынша 4,6 млн-нан астам адам дауыс берді

Соңғы жаңалықтар