Саналы ұрпақ өсіріп, ұлттық дәстүрді насихаттап жүрген әжелер – «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Аталған бірлестікке Шахарман Ерсейітова жетекшілік етеді.
«Біз өз таңдауымызды жасадық. Мақсатымыз – елдің өркендеуіне үлесімізді қосу. Әсіресе жастардың ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізгенін қалаймыз», дейді Ш.Ерсейітова.
Референдумда дауыс бергендер саны 51,93 пайызға жетті
Ақжар ауылында тұратын әжелер де дауыс беруге ақ кимешекпен келуді ұйғарыпты. Олар бұрын С.Датов атындағы мектепте мұғалім болған. Қазір бәрі де зейнетке шыққан.
ШҚО азаматтарына дауыс беру үшін қандай жағдайлар жасалған?
«Біз бұрын жұмыс істеген мектебімізбен байланысымызды үзген жоқпыз. Әр кездесуге жастарға үлгі көрсету үшін ұлттық нақыштағы киіммен келуге тырысамыз. Бүгінгі референдумға ұлттық киіммен келдік. Жастарымыз ана тілін жетік меңгеріп, ұлттық құндылықтардан ажырамаса екен», дейді ардагер ұстаз Базаргүл Қартабаева.
