Фото: Ашық дереккөзден
Десе де кейбір лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға қойылған жалпы тыйым өз күшінде қалады. Олардың қатарында аумақтық сайлау комиссияларының тұрақты мүшелері, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметкерлері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың басшылары бар.
Аталған санаттағы азаматтар үшін мүдделер қақтығысы, қызметтік мүлікті жеке мақсатта пайдалану немесе бизнес қызметтің негізгі міндеттерге кедергі келтіру ықтималдығы бойынша тыйым сақталған.
Айта кетейік, мұндай өзгерістер Конституциялық соттың 2023 жылғы 13 маусымдағы шешімін орындау үшін әзірленген.