Қоғам • Кеше

Көліктердегі Мемлекеттік Ту: 4 полицей қызметінен қуылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқан мәселенің бірі – осы. Ел көлемінде полицей жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың 82 дерегін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.

Көліктердегі Мемлекеттік Ту: 4 полицей қызметінен қуылды

Фото: Видеокадр

Аталған тұлғалар Мемлекеттік Туды пайдалана отырып, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, өздерінің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Мұндай жағдайларға полиция бейжай қарай алмайтыны анық.

Құқық бұзушылықтар – азаматтардан немесе полиция қызметкерлері тарапынан болсын – әрқайсысы заңға сәйкес тиісті құқықтық баға алатыны белгілі.

Сонымен бірге, жүргізілген тексеру нәтижесінде Алматы, Шымкент қалаларында жекелеген жағдайларда полиция қызметкерлері заңсыз, құқыққа қайшы әрекеттерге барғаны анықталған. Оларға нақты шаралар қабылданды. 

«8 полиция қызметкері, оның ішінде басшылық құрам өкілдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (сөгіс, қатаң сөгіс), тағы 4 қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», делінген хабарламада.

Бұған дейін, автокөліктерге Мемлекеттік Ту ілу бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдемесін  жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар