Президент • Кеше

Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

Сонымен қатар бүгін Император Нарухитомен кездесуде балуанның жетістіктері туралы әңгіме қозғалғанын айтты. 

Қазақстандық спортшының лақап аты – Кимбозан. Бұл – атақты бапкер әрі төл сумо мектебінің негізін қалаушы, ояката Кисенің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың атауы.

Соңғы жаңалықтар