Сапар «Анытқабыр» мемориалдық кешеніндегі Мұстафа Кемал Ататүрікескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Осыдан кейін Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы мен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер арасында келіссөздер өтті. Тараптар өзара мүдделі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.
Бұдан өзге, Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығымен де кездесу өтті.
Айта кетсек, екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ғылым, білім, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл екіжақты келісім негізінде жолға қойылған.