• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жоба Бүгін, 09:30

«ZAVOD FEST» – мол мүмкіндіктер алаңы

30 рет
көрсетілді

«ERG» компаниясы құрамындағы «Қазақстан алюминийі» мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ металлургтер күніне орай және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап кең ауқымды фестиваль өткізді. Фестиваль барысында кәсіби бағдар жайы түсіндіріліп, зауыт жұмысының қыр-сыры көрсетілді. Көрермен құрметіне думанды концерт те қойылды.

Бастысы – дұрыс кәсіби бағдар

Сенбі күні облыс орталығын­дағы Гагарин атындағы сая­бақ металлургтер алаңына айнал­ғандай болды. «ZAVOD FEST» фестивалінің Павлодар облы­сында өтуі тегін емес. «ERG» құра­мына енетін 60 мың адамның 8 мыңнан астамы дәл осы өңірдегі өндіріс орындарында еңбек етеді. Компания сапындағы негізгі кәсіпорындар да Павлодар об­лысында орналасқан. Сол себеп­ті бірінші кең ауқымды фес­тиваль металлургтер мен қала күні аясында Павлодарда ұйым­дастырылды.

Бұл күні көпшілік жиі жиналатын орын жұртшылықты зауыт жұмысының әсеріне бө­леді. Мұнда түрлі алаңдар ұйым­дастырылып, саябақ іші ерекше безендіріліп, интерактивті бастамалар ұйымдастырылды. Балалар ойын алаңында асыр салса, оқушылар металлургия са­ла­сының қыр-сырына қа­ны­қ­ты. Ал кейбірі, тіпті, бос жұ­мыс орындары жайлы біліп, бола­шағын кәсіпорын жұмы­сымен байланыстыруға бел буып жат­ты. Сондай қызықты алаңдардың бірі кәсіби бағдарға арналды. «ERG» компаниясының әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Олжас Мамырбаев металлургия саласындағы іргелі өндіріс орындарының жастарға беріп отырған мүмкіндігіне айрықша тоқталды. Шынымен, компания басшылығы осы саланы жү­рекпен қалап, мамандықты мең­геруге талпынып, еңбек ету­ге құлшыныс танытатын студент­терге ауыз толтырып айтар­лық­тай қолдау көрсетеді. Солар­дың бірі – еліміздегі 23 колледж бен үш жоғары оқу орнын біріктіретін альянс жұмысы. Альянс құрамында Павлодар облысының 1 университеті мен 10 колледжі де бар.

«Жасыратыны жоқ, бүгінде түлектердің 70 пайызы ата-ана­сының жөн сілтеуімен маман­дық таңдайды. Ал ата-аналардың басым бөлігі балаларының шахтер, металлург, дәнекерлеуші сынды ауыртпашылығы мол жұмысты емес, кеңседе отыратын жеңіл қызметті атқарғанын қалайды. Көптеген жас SMM маманы, мобилограф сынды бағыттар арқылы табыс тапқанды құп көреді. Бірақ біз металлургия саласында да маңызды әрі жауапкершілігі зор, әлеуметтік лифт қарастырылған, кәсіби ман­сап жолын құруға болатын ма­мандықтардың барын көрсет­кіміз келеді. Қазір біздің зауыттарда да жаңа технологиялар енгізі­ліп, 200-ден астам үдеріс цифрландырылды. Осындай игі істерді, жаңашылдықтарды көрсетіп, түлектердің бағыт таң­дауына жол көрсетуді қалаймыз», дейді Олжас Мамырбаев.

Бұл ретте студенттердің қы­зы­ғушылығын арттырып, білік­тілігін жетілдіре түсу үшін «WorldSkills» халықаралық сайы­­сының негізінде «ERGSkills» кәсіби шеберлік байқауы ұйым­дастырылып келеді. Бірінші жылы бұл байқауға 30 студент қа­тысса, биылғы іріктеу кезеңін­де 12 құзыреттілік түрі бойынша 202 студент бақ сынады. Мұ­ның өзі мамандыққа деген қызы­ғу­шылықтың көрсеткіші болса керек.

«Байқау жеңімпаздары шетел­ге барып, халықаралық тағылым­дамадан өтеді. Былтыр осындай екі апталық тағылымдама аясында жастар Қытайға аттанып, білімін толықтыру мүмкіндігіне ие болды. Тіпті соның қорытындысы бойынша қытайлық студенттермен өткен жарыс нәтижесінде мықтылығын көрсетті. Айталық, дәнекерлеу технологиясы бойын­ша бақ сынаған Райхан Нар­кенова отандастарын да, шетел­дік қатарластарын да қапы қал­дырды. Жастардың осындай жетістіктерін көріп біз де қуана­мыз», дейді ол.

Атап өтерлігі, альянс құрыл­ған тұста «ERG» компаниясы­на жоғары оқу орындары мен колледж­дердің 515 түлегі жұмыс­қа орналасқан еді. 2023 жылы компаниялар тобы бірден 656 түлекті жұмысқа қабылдады. Былтыр 737 жас алғашқы еңбек жолын «ERG» компаниялар құрамына кіретін кәсіпорындарда бастады.

Білікті кадрлар туралы сөз қоз­ғалғанда Павлодар қала­сын­дағы жоғары түсті металлур­гия колледжін атап өтпеске болмас. 1968 жылы Павлодар алюминий зауытына керек мамандарды даярлау ұстаханасы ретінде ашылған білім ордасы бүгінгі күнге дейін осы міндетті толығымен атқарып келеді. Оқу орны алғашқы түлектерінің қолына диплом ұстатқан сәттен қазірге дейін 15 мыңнан астам жас «ERG» компаниясына кіретін кәсіпорындарға жұмысқа орналасу арқылы үлкен өмірге қадам бас­ты. Сол тұстағы түлектер бүгінде басшылық қызметтерді атқарып, тұтас өндіріс ісіне жетекшілік етсе, қазіргі жастар алюминий кластерінің ішкі жұмысына етене араласуда.

Колледж директорының мін­де­тін атқарушы Азамат Мүс­ке­нов­тің айтуынша, бүгінде студент­терге дуалды жүйе бойынша бі­лім алуға барлық мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде жастар білім ала жүріп, жұмыс істей алады.

«Біздің колледж алюминий клас­тері мамандарының ұстаханасы атауын лайықты жал­ғастырып келеді. Қазір сту­денттерді жеті маман­дық бойынша оқытып, олардың металлургия саласының мықты маманы болуы үшін барымызды салып келеміз. Осы орайда әлеуметтік серіктес – «ERG» компаниялар тобының рөлін ерекше атап өту керек. Дуалды оқыту жүйесі аясында біздің студенттер бір күн оқу орнында теориялық білім алса, қалған төрт күнде қайнап тұрған өндіріс орнында еңбек етеді. Сол арқылы теория мен тәжірибені ұштастырады. Бастысы, кәмелеттік жасқа толған студенттердің компанияның толыққанды қызметкері атануына мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда тәжірибеден өткен кездегідей 85 мың теңге емес, нағыз маман ретінде 250 мың теңгеден астам айлық алады. Еңбекке деген құлшынысымен ерекше көзге түскен дәнекерлеуші, токарь кей студенттеріміздің жалақысы 400 мың теңгеге дейін жетеді», дейді Азамат Мүскенов.

Колледж студенттерінің орташа есеппен алғанда 30 пайы­зы жыл сайын компания қа­та­­рындағы кәсіпорындарға жұмыс­қа орналасады. Олардың қатарында Павлодар алюминий зауыты, Қазақстан электролиз зауыты бар. Таяуда Ақсу ферро­қорытпа зауытынан да тапсырыс түскен көрінеді. Жалпы, өткен жылы оқу орнын 149 адам аяқтап, оның ішінде 55 жас кәсіпорындарда еңбек жолын бастады. Биыл колледжді ­191 түлек тәмамдап, оның 70-і «ERG» қызметкері атанды.

 

Атқарылған іс ауқымды

Түрлі қиындыққа қарамастан, Павлодар өңіріндегі металлургия саласы кейінгі екі жылда оң көрсеткіштерге қол жеткізіп, өнді­рістегі істі біршама ілгері­летті. Кейінгі уақыттағы санк­циялық шектеулердің салқыны «ERG» компаниялар тобына тисе де, компания тарапынан маңыз­ды әрі ірі жобаларды қар­жыландыру, шикізатты өң­деп, дайын өнім алу ісі бір сәтке де үзілген жоқ. Керісінше, қиын­дықтар қайрады, шаруаны ширатты. Соның нәтижесінде ауыз толтырып айтарлықтай белестерді бағындырды. Мәселен, «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директоры Владимир Крас­ноярс­кий кәсіпорындардың бар­­лығы өнімнің өзіндік құнын азайтқанын айтты. Бұл – тұрақты жұмыстың арқасында қол жеткен көрсеткіш. Сонымен қатар дайын өнім көлемі айтарлықтай артты. Салыстырып қарар болсақ, ­2022 жылы Павлодар алюминий зауыты 1 млн 380 мың тонна өнімді нарыққа шығарған еді. Биыл 1 млн 540 мың тонна өндірді. Мұнымен шектеліп қалмай, тың өндірістерді де қолға алып жатыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сирек кездесетін металлдарды игеруге қатысты нақты тапсырма берген болатын. Біздің компанияның ірі жобаларының бірі дәл осы бағытта өрбиді. Павлодарлық алюминий зауыты келесі жылы жаңа өнім – калий өндірісін қолға алмақ. Қазір тиісті құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Иә, бұл металл түрі бұған дейін де шығарылды, бірақ оның технологиясы мүлде басқа еді. Жаңа жоба шығарындыларды да, шығынды да, экологиялық жүктемені де азайтуды көздейді. Бұрынғы технология қымбат әрі қауіпті болатын. Енді оның орнын тың тәсілмен жұмыс істейтін жаңа өндіріс алмастырады», деді Владимир Красноярский.

Кәсіпорында одан басқа да ірі жобалар жүзеге асуда. Айталық, қоюлату жүйесі, қызыл металлды жуу үрдісіне қатысты жобалар әзірленуде. Сол сияқты бұрынғы бес пештің орнына жаңа екі пеш салу ойда бар. Ол жұ­мысты едәуір жеңілдетпек. Ал ескі пештер басқа мақсатта пай­даланылады. Осындай іргелі істерді ілгерілетуде әлемдік тәжі­рибе, шетелдік мамандардың күші көмекке келеді. Алюминий зауы­тындағы мамандардың өздері де мықты. Кәсіпорын басшысы мұндағы жұмысшылардың кез келген тың іске әзірлігін, көзқарастары мен әдістерінің жаңашылдығын ерекше атап өтті. Жалпы, кәсіпорында 8 мың­нан астам адам тынбай ең­бек етіп келеді. Сондай білікті қызмет­керлердің бірі – жөндеу цехының маманы Талғат Жантаев. 2020 жылы алюминий зауытындағы жұмысын бастаған ол бес жыл аралығында өнімді еңбек етіп, ­таяуда ғана Құрмет тақтасына есімі жазылып, суреті ілінді.

«Бастапқыда зауытқа электр-газ дәнекерлеуші болып жұмысқа орналастым. Бұл кәсіпорында еңбек етуге ағам кеңес берді. Тұ­рақтылық, қызметтік өсу, әлеуметтік қолдау – барлығы атал­ған зауытта барын айтты. Шынымен, кәсіпорын тарапынан еңбек етуге ниетті азаматтарға барлық жағдай жасалған. Біздің цехтың міндеті – қандай да бір қондырғы істен шыға қалған жағ­дайда уақыт оздырмай жөн­деп, қалпына келтіру. Себебі кәсіпорындағы өндіріс үздіксіз жүреді. Оның іркілмей жұмыс істеуі біздің цех мамандарына тікелей байланысты. Жүктелген міндетті сапалы атқаруға тырысамыз. Бұл бағыттағы жұмысым еленіп, таяуда шебер механик атандым. Негізгі жұмыспен қатар, қоғамдық істерге де араласамыз. Кадрлық резерв өкілімін. Алдағы уақытта қызметімді абыроймен атқарып, әріптестер мен басшылық сенімін ақтап, кәсіпорын ісінің өркендеуі­не үлесімді қоссам деймін», деді ол.

Сондай-ақ компания жұмыс­шы­ларға жайлы жағдай жасауды алдыңғы қатарға қоятынын тілге тиек етті. Жалақыны тұрақ­ты арттыру, демалыс аймақта­рына жолдама беру, үздік қызметкер­лерге көлік пен пәтер кілтін табыс­тау сынды игі дәстүр қыз­мет­керлерді ынталандыратынына айрықша мән берді. Айта кетейік, бүгінде «ERG» компания­ларында 60 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның қатарында 45 мың қызметкер – жұмысшы мамандықтар өкілі. Оның үштен бір бөлігі – металлургтер.

 

Пайдалы әрі қызықты думан

Енді фестивальдың өзі­не ойыс­­сақ. Жоғарыда атап өт­ке­німіздей, кең ауқым­ды іс-шара қала тұр­ғын­дары мен қонақ­тарын бір арнаға тоғыс­тырды. Олар­дың жас ерек­ше­­ліктеріне, қызығу­шы­­лық­тарына қарай бірнеше аймақ ұйым­дас­тырылды. Бала­лар мен ересектер түрлі ойындар, квесттерде бой сергітіп демалса, енді бірі білім алу мен жұ­мыс­қа орналасудың тиімді тетік­терін білді. Жалпы, әртүрлі ба­ғытқа қарай төрт бірдей цех қарас­тырылды. Мәдени аймақта келу­ші­лер өнерлерін ортаға салса, мансаптық цехта болашаққа бағдар құрды. Жастар контент жасайтын ортада әлеу­меттік желі үшін түрлі фото, бейне­материалдар жасады. Ал ойын аймағында әр адам өзін на­ғыз металлург сезініп көр­ді.

Фестивальға «ERG» корпора­тив­тік университетінің мамандары да қатысты. Олар тау-кен ісі мен құрал-жабдықты жөндеу бойынша өздерінің VR-курста­рын таныстырды. Талапкерлер мен студенттер, жасөспірімдер мен кішкентай балалар, алуан түрлі мейманның әрқайсысына арналған жеке аймақтар ойласты­рылған. Әркім көңіл қалауы­на қарай, ұнатқанына қатыса алды. Бүлдіршіндер жұмысшы мамандықтарын «мамандықтар қаласындағы» ойын форматы арқылы таныса, жасөспірімдер арнайы фотоаймақтарда өздері контент жасап, қызметтің қыр-сырын білді. Меймандарға дәмді тағамның түр-түрі ұсынылды.

«Осы саябаққа балалар, не­мере­леріммен жиі келеміз. Бү­г­ін осындай керемет фести­валь­дың куәгері болғаныма қуаныштымын. Павлодар облысы тұрғынының әрқайсысының кемінде екі-үш металлург туысы, танысы бар деп ойлаймын. Біздің әулетте де осы сала өкілдері бар. Олар өндіріс орындарында жауапты да маңызды қызметтерді атқарып жүр. Бүгінгі саябақтағы керемет атмосфера арқылы олардың жұмысына тереңнен үңілгендей әсер алдық. Нағыз пайдалы әрі қызықты думан болды», дейді Павлодар қаласының тұрғыны Зейнеп Рахметова.

Павлодарлық оқушы Әлинұр Мұрат келесі жылы металлургия колледжіне оқуға түссем деген ниетін жеткізді.

«Мен биыл 8-сыныпты тәмам­дадым. Бүгінгі фестиваль барысында жоғары түсті металлур­гия колледжі студенттеріне қа­растырылған мол мүмкіндік туралы біліп, келесі жылы осы оқу орнында білім алсам деген ой туындады. Мұнда тұрақты шәкіртақы, жақсы жалақы алуға болады екен. Бастысы, диплом алған соң жұмысқа орналасу мүмкіндігі де бар. Алюминий класстері студенттерге қызмет орнын ұсынады. Осындай оңтайлы жайтты қалт жіберуге болмайды деп ойлаймын», деген пікірімен бөлісті ол.

«ERG»-дің еліміздегі бас дирек­торының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Анастасия Круч компания­ға өндірістің өзегі саналатын жұмысшы маман­дар керек екенін алға тартты. Кең ауқымды фестивальды өткізудің түпкі мақсаты да осы еді.

«ZAVOD FEST» фестивалінде өз ісіне жан-тәнімен берілген, оны дамытуды ойлаған әр адамның табысқа жететінін көрсетуге тырыстық. Заманауи өндіріс – тың технологиялар, өз мақ­са­тыңа жетіп, өзіңді дамыту мүмкіндіктері. Қазіргі заман­ғы жұмысшы үнемі жаңа дағды­ларды меңгеріп, жаңа технология­ларды игеретін, өндірісті жетіл­ді­руге қатысты ұсыныстар айтатын, операциондық тиім­ділік құ­рал­дарын бес саусағындай білетін, ең бастысы – қауіпсіз еңбек ету талаптарын мұқият сақтайтын білікті маман. Біз жұ­мыс беруші ретінде әрдайым қасыңызда болып, сіздің өсіп-өрлеуіңізге септесуге дайынбыз. Өндірісті трансформа­ция­лап, болашақтың дағдыларын дамытсақ дейміз», деді Анастасия Круч.

Отандық танымал эстрада өкіл­дері – Нұрлан Абдул­лин, «DEQUINE», «DOSE», «ERG» ком­па­ниясының талантты қызмет­керлері өнер көрсетіп, фести­валь­дың әдемі нүктесін қойды. Саябаққа жиналған жұрт­­шы­лық пайдалы ақпарат, қы­зықты ойындар, мамандық алаңы мен тамаша концерт ұйым­дас­тырылған кештен қимай-қимай тарқасты.