• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Трамптың жаңа салық заңы АҚШ-тың бюджет тапшылығын күрт арттыруы мүмкін

20 рет
көрсетілді

АҚШ Конгресінің бюджеттік басқармасы президент Дональд Трамптың жуырда қабылдаған салық және шығындар жөніндегі заң жобасы 2034 жылға дейін федералдық бюджет тапшылығын 3,4 триллион долларға ұлғайтады деп болжады, деп хабарлайды Egemen.kz FOX4-ке сілтеме жасап.

Республикашылдар бұл құжат салықтық жүктемені азайтады деп мәлімдейді. Олардың айтуынша, заң жобасы АҚШ-та өндірілген жаңа көліктерге, үстеме жұмыс уақытына, сондай-ақ автонесиелердің пайыздарына салық жеңілдіктерін қарастырады. Алайда, AP-NORC сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың басым бөлігі — шамамен үштен екісі — жаңа заң бай азаматтарға ғана тиімді болады деп санайды.

Сонымен бірге, құжат Medicaid пен азық-түлік көмегіне бөлінетін болашақ шығындарды азайтуды, сондай-ақ таза энергия бойынша бірқатар салықтық жеңілдіктерді жоюды көздейді.

Конгрестің есебінде заң жобасы арқылы үнемделетін 1 триллион доллардан астам қаржы негізінен денсаулық сақтау саласындағы қысқартулар есебінен жүзеге аспақ. Оның ішінде, кейбір Medicaid бенефициарларына жұмысқа орналасу талабы енгізіледі. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер салдарынан 2034 жылға дейін 10 миллионнан астам адам медициналық сақтандырусыз қалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 37 триллион доллардан асып кеткен болатын.