• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Ресеймен шекарадағы «Сырым» өткізу пункті уақытша жабылады

20 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Ресей Федерациясымен шекарадағы маңызды нысандардың бірі – «Сырым» өткізу пунктінде күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осыған байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін аталған шекара бекеті арқылы жеңіл және қоғамдық көліктердің өтуі уақытша тоқтатылады.

Жүк көліктері үшін шекарадан өту электрондық кезек жүйесі арқылы жүргізіледі. Күн сайынғы өткізу мүмкіндігі –  200-250 көлік.

Шекарадан өтуге арналған балама бағыттар ретінде келесі өткізу пункттері ұсынылады:

«Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) - екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал - РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан; «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан; «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал - Тасқала - РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.