Оқиға • Бүгін, 11:11

Павлодар облысында дауылдан 16 адам зардап шеккен

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сұрапыл желдің жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жеткен. Аймақта электр желілері үзіліп, ондаған ғимараттарға зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында дауылдан 16 адам зардап шеккен

Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатты дауылдан Павлодар облысының инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келген. Көптеген елді мекендерде, соның ішінде Ақсу қаласында, Баянауыл ауданында электр қуаты өшіп қалған.

-19 маусым күні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, 16 адам зардап шеккен, оның ішінде үш бала бар. Ақсу қаласында 1968 жылы туған тұрғын қайтыс болды.

«Облыс орталығында 47 нысанның, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келді. Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауыл ауданында  7 нысан зардап шекті, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді. Өңір қалалары мен аудандарының электрмен жабдықтау желілерінде ақаулар байқалады. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр», деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі сәтте апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Байланыс және электрмен жабдықтау желілерінің 16 бағанасы қалпына келтірілуде. Барлық жұмыстарға 300-ден астам адам және 103 арнайы техника жұмылдырылған.

Барлық шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Павлодар облысы