Оқиға • Кеше

«Самұрық-Қазынаның» табысы айтарлықтай өсті – Нұрлан Жақыпов

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры соңғы жылдары тұрақты қаржылық өсімді көрсетіп келеді. Бұл туралы Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Астанада өткен Қор қызметінің аралық қорытындыларына арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Самұрық-Қазынаның» табысы айтарлықтай өсті – Нұрлан Жақыпов

Фото: Ашық дереккөз

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2021–2024 жылдар аралығында Қордың негізгі қаржылық көрсеткіштері мынадай деңгейде өскен:

  • Табыс – орта есеппен жыл сайын 12%-ға артты;
  • EBITDA – 7%-ға өсті;
  • Таза пайда – 13%-ға ұлғайды.

«Әлем бойынша экономикалық тұрақсыздық жағдайында мұнай бағасының арзандауына қарамастан, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобының таза пайдасы 2,4 трлн теңге болды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 39%-ға жоғары», деді Жақыпов.

Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап активтердің орташа жылдық өсімі 11%-ды құрап, 2024 жылдың соңында Қордың жалпы активтері 41 трлн теңгеге жеткен.

Жақыповтың айтуынша, бұл жетістіктер стратегиялық басқарудың тиімді жүзеге асырылып жатқанын, қаржылық тәртіптің сақталғанын және инвестициялық жобалардың бірізді орындалғанын дәлелдейді.