
Легионерлер команданың қорғаныс шебінде ойнаған. Екеуі де – Грузия Республикасының азаматы.
«Өзара келісімге сәйкес «Атырау» футбол клубынан грузиялық қорғаушылар Гиорги Гадрани мен Гиа Чадунелидің кететінін ресми хабарлаймыз. Ойыншылармен келісімшарт екіжақты түсіністік шеңберінде бұзылды. Командаға қосқан үлесі үшін аталған ойыншыларға алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына табыс тілейміз», деп хабарлады футбол клубының баспасөз қызметі.