Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде облыс орталығы Тараз қаласының көшелері едәуір жаңарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика саласын жақсарту, қала жолдарының сапасын арттыру туралы тапсырма бергені белгілі. Содан да болса керек, қала ішіндегі көше жолдарының сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, бұл бағытта қолға алынған жұмыс ілкі сәтке де тоқтамақ емес.
Медицина • 21 Маусым, 2025
Отандық медицинаның озық тәжірибесі
Биыл жылдың басында Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Он жыл бұрын бауыр циррозына шалдыққан 40 жастағы келіншекке күйеуі мен ағасының ағзасы сәйкес келмей, доноры қайнысы болды. Дәрігерлер 10 сағатқа созылған күрделі операция барысында донор бауырының 65%-ын реципиентке салып, операцияны сәтті аяқтады.
Өндіріс • 21 Маусым, 2025
«Атырау вагон құрастыру зауыты» жақында конвейерден 100-інші жүк вагонын шығарды. 2027 жылы толық қуатқа жеткен кезде өндірістік аумақ 62 мың шаршы метрге ұлғайып, жылына 7–8 мың жүк вагонын дайындайды.
Заң мен Тәртіп • 21 Маусым, 2025
«Қауіпсіз жол»: Елорда көшелеріндегі бір күн
Жолдағы қауіпсіздік – қоғам өміріндегі өзекті мәселенің бірі. Бұған кейінгі кездері Президент жиі көңіл аударып, Ішкі істер министрлігіне қауіпсіздік шараларын күшейту туралы арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай, азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жолда жүру мәдениетін көтеру мақсатында бірқатар маңызды шара қолға алынған. Соның бірі – жыл сайын ІІМ өткізетін «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы.
Саясат • 21 Маусым, 2025
Ана мен бала денсаулығы – басты бағыт
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жасөспірім қыздардың ерте жүктілігіне алаңдаушылық білдіріп, ерте босану бала өлімінің негізгі себептерінің бірі болып отырғанын мәлімдеген еді. Әлемді алаңдататқан мәселе елімізді де айналып өткен жоқ. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында мамандар қыз балалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шараларымен бөлісіп, репродуктивті денсаулық апталығының қорытындыларын жариялады.