Білім • 18 Маусым, 2025
Оқушылар тағатсыздана күткен каникулына жеткеніне де біршама уақыт болып қалды. Балалар үшін демалыстың қауіпсіз, пайдалы әрі қызық өтуі ерекше маңызды. Елімізде жазғы лагерьлер маусымы басталды. Бұл жұмыс қалай ұйымдастырылды, талапқа сай іске асып жатыр ма, жас өрендер жанына азық болар дүние алатындай сапалы ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Кино • 18 Маусым, 2025
Мақсат – ұлттық киноның көкжиегін кеңейту
9-12 маусым аралығында Алматыда отандық киноның көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі – мемлекет қолдауына үміткер киножобаларға арналған ашық қорғау болып өтті. Ел қазынасы есебінен қаржыландырудан үмітті 99 жоба бұған дейін екі кезең бойынша іріктеуден сәтті өткен. Дегенмен Достық үйінде өткен таныстырылымда Сараптама кеңесінің мүшелері әр жобаның идеясы мен маңызына тағы да тереңірек үңіліп, мұқият зер салды. Ашық қорғаудың түпкі мәні – әділдікте, байқаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында үш күнге созылған таныстырылым YouTube арнасының тікелей эфирінен таратылды.
Театр • 18 Маусым, 2025
Адамзат жаралғаннан бері жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен ізгілік, мейірімділік мен қатыгездік күресі бір сәт толастаған емес. Заман қанша жаңарып өзгерсе де, адам бойындағы бұл екі мінез әлі күнге дейін текетіресіп, қалмай келеді. Неге? Бұл сұрақтың жауабы бар ма? Әлде өмірдің заңы ма?
Өшпес даңқ • 18 Маусым, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы қаншама жерден жазылды десек те, әлі де болса оның айтылмаған, жазылмаған тұстары көп. Толық болмаса да, бірте-бірте жыл өткен сайын соғыс шындығы айтылып жатыр. Ақиқаты енді ғана айтыла бастаған мәселенің бірі ретінде соғыс жылдары ерлік жасап, көзге түскен және еленбей қалған тұлғалардың өміріне қатысты деректерді айтуға болады. Сондай тұлғалардың бірі – 1941–1944 жылдары майдан даласында батальон, полк командирі болып, әскери шені подполковникке дейін көтерілген Мұса Шайкеұлы Сәдібеков (Садыбеков). Соғыс аяқталғаннан кейін 40 жылдан аса уақыт уақыт бойы есімі ардагер ретінде елеусіз қалып келді.
Мәселе • 18 Маусым, 2025
Стипендия: қысқа жіп күрмеуге келе ме?
Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Білім және жоғары ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе, ал магистратура мен докторантура деңгейінде 1,75 есе артады. Дегенмен, стипендия өскенімен, баға да шарықтап, бас білмейтін асаудай ырық-ыңғайға көнбей тұрғаны да белгілі. Осы орайда студент жастардың әлеуметтік жағдайына бір үңіліп көрдік.