Парламент • 18 Маусым, 2025
Үкімет ұсыныстарға баса мән беруі қажет - Е.Қошанов
Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгін Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебі жан-жақты талқыланғанын, байыпты сын да, ұтымды ұсыныста көп айтылғанын, оны бүгінгі дауыс берудің нәтижесі де көрсеткенін, Үкімет өз жұмысында оларға баса назар аударуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Маусым, 2025
Шегірткелерге қарсы шаралар жалғасып жатыр
Сала министрлігінің мәліметінше бүгінде ауыл шаруашылығы алқаптарының 2 миллион гектары өңделген. Зиянкестермен күрес шараларына 443 арнайы бүріккіш техника, соның ішінде 49 дрон жұмылдырылған. Зерттеу жұмыстарын 3,5 мыңнан астам адам жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 18 Маусым, 2025
Депутаттардың ұсыныстары Сенатқа жолданды
2024 жылғы республикалық қаржы атқарылымы бойынша Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның баяндамалары Сенатқа жолданады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 18 Маусым, 2025
Алматыда медицина саласының майталмандары марапатталды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қомақты үлес қосқан дәрігерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады.Марапат ұзақ жылдар бойына медицина саласында атқарған адал жұмыстары, жоғары кәсіби біліктілігі үшін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Қарағанды облысында 22 инвестициялық жоба іске асырылады
Қарағанды облысында биыл үш шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді. Аймақтар ірі кәсіпорындардың маңында орналасып, шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға, сондай-ақ инвестициялар тартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.