Шаруашылық • 18 Маусым, 2025

Шегірткелерге қарсы шаралар жалғасып жатыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сала министрлігінің мәліметінше бүгінде ауыл шаруашылығы алқаптарының 2 миллион гектары өңделген. Зиянкестермен күрес шараларына 443 арнайы бүріккіш техника, соның ішінде 49 дрон жұмылдырылған. Зерттеу жұмыстарын 3,5 мыңнан астам адам жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шегірткелерге қарсы шаралар жалғасып жатыр

Фото: yandex.kz

Жергілікті жерлердегі жұмысты облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар үйлестіріп отыр.

Шекара маңындағы аумақтар бақылауда тұр. Нақты атағанда, 2-6 маусым аралығында Қазақстан мен Қырғызстанның шекара маңы аумақтарында бірлескен зерттеулер жүргізілсе, 9-13 маусымда ҚХР мамандарымен бірлескен зерттеулер өтті. Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Қытай тарапынан шегірткелердің ұшып келуі мен көшу қаупі жоқ.

Ресеймен және Өзбекстанмен шекаралас аумақтарда шегірткелердің таралу ошақтары анықталмаған. 

Шегірткелерді бақылау және оларға қарсы күрес шаралары жоспарлы түрде жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025