Өнер • 20 Маусым, 2025
Өнерде шекара жоқ. Көркем кеңістікте әркімнің өз қолтаңбасы, өз даусы бар. Нағыз өнер жанкештіліктен тұрса керек. Иә, өнерге әркім әртүрлі жолмен келеді. Біреулер талантын шыңдап, өнерге қызығушылықпен аяқ басады: қалағанынша еркін айналысады. Енді біреулер әлемге деген іштегі қарсылығын өнер арқылы көрсеткісі келеді.
Теннис • 20 Маусым, 2025
Рыбакина жетістігін қайталай ала ма?
30 маусым – 13 шілде аралығында Ұлыбританияда «Уимблдон» турнирі өтеді. Жүлде қоры 53 миллион фунт-стерлингті құрайтын аса жауапты жарыста әлемнің ең үздік 128 теннисшісі өнер көрсетеді. Солардың қатарында еліміздің де өкілдері бар. АТР мен WTA рейтингінде жоғары орындарды иеленген Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, қос Александр – Бублик пен Шевченко негізгі додаға бірден қосылады, тағы бірқатар жерлесіміз іріктеу сынына қатысады.
Мәдениет • 20 Маусым, 2025
Бой-бой бұлттар кең жазықты бетке алып маңып барады. Аспан мен жер астасқан байтақ дала төсінде қыр құрсағын жарып кең өзен ағады. Бетінде ұбақ-шұбақ шулаған аққу-қаздар. Сол өзеннің бойында көкке қарап, кеңістік суретін сіміріп сезімтал жас бала тұр... Міне, мұның бәрі – «Япурай» әнінен көңілге келген суреттер, алуан сезімдер.
Ғалам ғажаптары • 20 Маусым, 2025
АҚШ-тағы Сиракуз университетінің маңында ерекше ағаш өседі. Оның бір ғана діңі бар, бірақ бұтақтарынан өрік, шие, шабдалы, бадам, қара өрік сияқты қырыққа жуық түрлі жеміс өсіп шығады.
Ән • 20 Маусым, 2025
Жылыстаған жылдар тізбегіне көз салғанда, көңіл түкпіріндегі сағымға айналған сағыныш оты лаулайтыны бар. Әуені жан тербейтін әдемі әндер өткен күндер елесін көз алдыңа әкеледі. Жұрт жадында көше әні ретінде сақталған туындылар естен кетпес елеулі шақтың тұңғиығына тарта түседі. Сол бір мөлдір кезеңді оңашада еске алғанда жүрек атқақтап, өн бойыңды әлдебір сарқылмас сезім әуені билейтіні белгілі. Мұны біз сиқырлы саз құдіретімен байланыстырып жатамыз...