Өнер • 01 Сәуір, 2026
Торғай ауылының тұрғыны Қарлығаш Нұридденқызы жылына бір кілем тоқиды. Зейнеткер өзі жасаған дүниелерін аудандық, облыстық деңгейдегі көрмелерге шығарып, кейінгі кезде кенжелеп қалған ұлттық өнерді көпшілікке дәріптеп жүр.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қараағаш ауылындағы Жақыпбек ата әулетінің қара шаңырағындағы Зарина Қобланқызы есімді келін үйдің шаруасына да ширақ, әлеуметтік желіде де белсенді. Instagram парақшасында 40 мыңға жуық оқырманы бар. Әлеуметтік желіде ауылдың қым-қуыт тіршілігін, отбасы құндылығын, келін өмірінің қызық-шыжығын боямасыз көрсетеді.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Шілдебаевтың шығармашылық кеші
Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті.
Таным • 01 Сәуір, 2026
Ара уынан үміт үзілген шақтағы имандылыққа суарылған тылсым күш бір сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл оқиға Ұлы даладағы емшілер тәжірибесін бағамдауға жетелейді.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD) Айтолқын Тоқтағанның «Дина Нұрпейісова күйлерінің рухани әлемі» атты монографиясы таныстырылды. Алқалы жиынға күйші-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері қатысты.