Мәдениет • 01 Сәуір, 2026
Қазақ даласында тұңғыш театр шымылдығы Абай ауданы Ойқұдық жайлауында түрілді. Дәлірек, 1917 жылғы 7 маусымда заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі «Еңлік–Кебек» пьесасын киіз үй сахнасында қойды. Сол тарихи бастау «тұңғыштар мекені» саналатын Семей қаласында театр өнерін жүйелі дамытуға арналған жоғары көркемдік кеңес құрылды.
Жастар • 01 Сәуір, 2026
Өзіне ұнайтын әрі қолайлы кәсіп түрімен айналысып жүрген Райымбек Ақкөлұлы – Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. Ол жеке детейлинг орталығын ашып, өлке тұрғындарын жұмыспен қамтуды бір жыл бұрын бастаған.
Құрылыс • 01 Сәуір, 2026
Енді Катонқарағайға ұшақпен жетесіз
Алып әуе кемелерін қойып, автобус бұрылмайтын Өрнек ауылының тұсында халықаралық әуежай салынып жатыр. Бұл – ауданның ғана емес, Шығыстағы туризмнің дамуына серпін беретін үлкен жоба. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған әуежайдың іргетасы Зайсан, Катонқарағайда былтыр наурызда қалана бастады. Бүгінде Катонқарағайдағы әуежай құрылысының 52%-ы аяқталып үлгерген.
Денсаулық • 01 Сәуір, 2026
Аурудың алдын алудың маңызы зор
Медицинаның ең үлкен жетістіктерінің бірі вакцина – ағзаны жұқпалы аурулардан қорғаудың ең сенімді тәсілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, вакцинация жыл сайын әлемде 3-5 млн адамның өмірін сақтап қалады.
Шахмат • 01 Сәуір, 2026
Бибісара үміткерлер турнирінде бақ сынайды
Кипрде әлемдік шахмат жұлдыздарының жарысы басталды. 15 сәуірде мәресіне жететін дүбірлі аламанға алғаш рет еліміздің шахматшысы қатысуға мүмкіндік алды. Блицтен әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева төрткүл дүниеге танымал саңлақтармен бірге додаға түседі.