Спорт • 23 Қаңтар, 2026
Денистің діттегені – жүлделі орын
Апеннин түбегінде алауы тұтанатын XXV қысқы Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтеріледі деп сеніп отырған еліміздің басты үміттерінің бірі шорт-тректің хас шебері Денис Никиша екені сөзсіз. Бүгінгі мақаламызда сол спортшы туралы әңгіме қозғауды жөн көрдік.
Өнер • 23 Қаңтар, 2026
Жай ғана фотосуретке қарайсыз да қоясыз, ал бояу тілімен бедерленген таныс һәм бейтаныс бейнеге үңілген сайын оның ішкі құпиясы ашыла түседі. Бір кездесуде суретші Тоққожа Қожағұлов ғұмырға татитын шығарма-шылық жолында жүздеген сурет салса да, студенттік үй жұмысы ретінде алғаш салған «Әке» портреті бәрінен ыстық екенін айтып еді.
Олимпиада • 23 Қаңтар, 2026
Апеннин түбегінде асығымыз алшысынан түсе ме?
Биылғы ең басты спорттық жарыс – 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпия ойындары. Байрақты бәсеке барысында спорттың 8 түрінен (16 қашықтық) 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Қатысушылар қатарында еліміздің спортшылары да бар. Осы дүбірлі дода қарсаңында Ақ Олимпиаданың тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.
Құрылтай • 23 Қаңтар, 2026
Халық кеңесі институты: мәні мен маңызы
Ұлттық құрылтай мінберінен Мемлекет басшысы Халық кеңесін құруды ұсынды. Бұл бастама билік пен қоғам арасындағы байланысты жоғары деңгейге көтеруді көздейді. Ендеше жаңа институтқа қандай міндет жүктеледі? Оның саяси жүйедегі орны қалай көрінбек?
Пікір • 23 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысы қарсаңында қоғамдық көзқарас қақ жарылып, сыңаржақ пікірлер ұлы мұратты көздеген тарихи құрылымға «Күлтөбенің басындағы күндегі жиынның бірі» деп баға берген еді. Алайда Ұлттық құрылтай өзінің өміршең ұстаным, ұтымды ұсыныстарымен ел сенімін серпілтіп, халық асыға күтіп, әр отырысынан таудай үміт күтетін тарихи алқаға айналды.