Банк • 31 Наурыз, 2026
Банк табысы азайса, несие пайызы өсе ме?
Еліміздің банк секторында кейінгі жылдары алғаш рет табыс төмендеу үрдісі байқалды. Ұлттық банк жариялаған деректерге сәйкес, биыл қаңтарда банк жүйесінің жиынтық таза пайдасы 13%-ға азайып, 198,5 млрд теңгені құрады. Мұндай жағдай кейінгі 6 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Осыдан кейін халық «Банктердің табысы азайса, несие пайызы өсе ме?» деп алаңдай бастады.
Тұлға • 31 Наурыз, 2026
Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі 1983 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училище жатақханасының үш бөлмесінен ашылды. Сол жылы Алматыдан композитордың қызы Ғазиза Жұбанова арнайы келіп, әкесінің біраз дүниесін сыйға тартты. Олардың арасында Ахмет Қуанұлының домбырасы мен дирижерлік фрагі, өз қолымен жазылған нота дәптерлері бар еді.
Құқық • 31 Наурыз, 2026
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Игорь Рогов, мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, омбудсмендер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, адвокатура, білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Руханият • 31 Наурыз, 2026
Жаһанға, жат елдерге ұлтты танытатын да, мойындататын да оның ұландары – ұл-қыздары, азаматтары екені бүкіл әлемде, адамзат, қоғам тарихында ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, қалыптасқан дүниетаным, дәстүр, қоғамдық пікір. Қандай да мемлекеттің басқа мемлекеттермен әріптестік, достық, бейбіт қатынастарының нәтижелі немесе нәтижесіз болуы да ресми дипломатиялық жолдармен қатар жеке тұлғалардың еңбектері мен жетістіктеріне байланысты.
Заң мен Тәртіп • 31 Наурыз, 2026
Активтерді қайтару мен оларды басқарудың тәжірибелік ара-жігі қалай ажыратылады? Электрондық аукциондардың ашықтығын кім бақылайды? Қай мүлік түрі ең күрделі шешімді талап етеді? Бұл жұмыстардың нәтижелері жөнінде қоғам қаншалықты хабардар? Осы мәселелерге қатысты сұрақтарды Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры Қуанышбек МҰҚАШҚА қойған едік.