Жаңалықтар

Өзекті тақырыптар

Туризм • Кеше

Алакөлге жету жеңілдеді

Жыл сайын Алакөл көліне қатынау мүмкіндіктері жақсарып келеді. Биыл туристер үшін бірқатар жаңа көлік бағыттары іске қосылмақ, деп жазады Egemen.kz.

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп жазады Ақорда.

Өнер • Кеше

Танымал күйші 30 жыл ұстаған домбырасын музейге табыстады

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Ұлттық домбыра күніне орай «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты ауқымды көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Экология • Кеше

Таза Қазақстан: Атырауда өткен сенбілікке 5000-нан астам адам қатысты

Атырау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, оған 5000-нан астам тұрғын белсене қатысты, деп жазады Egemen.kz.

#Абай

Осы жұрт Байкөкшені білеме екен?

Түгін тартсаң майы шығатын, тасын түртсең тарихы сөйлейтін шежірелі Шыңғыстаудың бауырында әлі де бүккен сыр көп. Соның бірі – ақын Байкөкше Балғынбайұлының тарихы. Бүгінде ақынның 130 жылдан кейін ескі қорымы табылып, ел-жұрты еске алып жатыр, деп жазады Egemen.kz. Egemen.kz.

Абай • 08 Маусым, 2025

«Абай жолын» алғаш оқығанда...

Биыл хакім Абайдың өмірге келгеніне 180 жыл толды. Ақылы мен даналығы жұрттан асқан аға сұлтанның баласы заманынан озып туған тұлға ретінде ұлықталып келеді. Тек қазақ жұрты ғана емес, күллі әлем әдебиетінде өзіндік орыны бар Абай Құнанбайұлының өмірін суреттеген «Абай жолы» эпопеясы кітап болып жарыққа шыққаннан бері оқырманның қолынан түспей, жыл сайын биіктеп келеді. Өткенде жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» атты көлемді эссесін оқып отырып, «Абайды алғаш оқығанда әр адам әртүрлі күй кешкен болар?» деген сауалдың төңірегінде ойландым. Айтпақшы, Мұхтар Мағауин «Абай жолы» романының екі томын небәрі 8 жасында оқып тауысқанын жазады. Ал өзге қаламгерлер Абайды алғаш оқығанда, қандай әсерде болды екен, сөйлетіп көрелік. Бұл туралы жазушы Ділдәр Мамырбаева әңгімелестік.

Абай • 28 Сәуір, 2025

#100

Қызыл Қазақстан (Қазақ Республикасын құру жөніндегі Декретке – 100 жыл)

Біздің ел Кеңестер билігі астында 71 жыл өмір сүрді. Осы жылдарда шыңға да шықтық, құзға да құлдырадық, ақыры, сонша уақыт ішінде бастан кешкен барша жеңістеріміз бен жеңілістеріміздің, әсіресе алапат ашаршылыққа ұшырап, шыбынша қырылуымыздың өтеуіне, тәуелсіздік туын көтеруге мүмкіндік алдық. Ал совет өкіметінің басты басшы органдары Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1920 жылғы 26 тамызда шығарған құжаты кеңестік қазақ мемлекеттігінің туған күнін шегелеп көрсеткен тарихи қаулы – Автономиялы Киргиз (яғни Қазақ) Социалистік Советтік Республикасын құру туралы Декрет болатын.

100 • 14 Тамыз, 2020

ҚазАқпарат хабарлайды... Ұлттық ақпарат агенттігінің қызметіне – 100 жыл

Байланыс және ақпарат технологиялары қарыштап дамыған, түрлі мессенжерлер мен әлеуметтік желілері кеңінен таралған ХХІ ғасырдың өзінде де әлем мемлекеттері жедел хабар тарататын ақпарат агенттіктерінен бас тартқан жоқ. Қайта ақиқатынан бұрын даурықпасымен дүниені дүрліктіретін жалған-фейк ақпараттардың жаһандық ауқымдағы толассыз тасқыны арасында сенімді, дәйекті дерекке құрылған, сапалы әрі жедел хабар ұсынатын медианың қоғамдық-саяси һәм әлеуметтік маңызы артып келеді. Бүгінде ұлттық ақпарат майданының алғы шебінен орын алған, Алаш жұртының жаңалықтарын әлемнің бес тілінде жаһанға жариялап отырған «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі де осы қатарда.

100 • 13 Тамыз, 2020

#Президент

Президент елшілерді тағайындады

Мемлекет басшасы елшілерді тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Алжир Президенті мен отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • Кеше

Басқа жаңалықтар