Редакция таңдауы
Бөгеттерді баптағаның – судан елді сақтағаның
Көктем – қол қусырып қарап отыратын мезгіл емес. Қамданатын уақыт, қарекет қылатын кез. Қауырт тірлікке, қауіпке толы, бір беймаза шақ деуге келеді. Ақпанның орта тұсына таядық. Қардың да көбесі сөгілуге жақын. Жиырма күннің ар жақ, бер жағы. Биыл өзі Абай облысына да қар қалың түсті. Сондықтан етек-жеңді жинап отырмаса болмайды.
16 Ақпан, 2023
Бұл қылқобыз бүгінде Ұлттық музейдің қорында тұр. Бір қарағанда көзіміз үйренген ұлттық аспап болғанымен, тарихы тереңде жатыр. Тіпті дәл осы мұражайға келу жолы да шытырманға толы. Қатардағы бір қобыз емес, Американы аралап келген қобыз.
16 Ақпан, 2023
Түркия құтқарушыларды құрмет-қошеметпен шығарып салды
Түркияда 6 ақпан күні ауыр шығынға ұшыратқан жер сілкінісі болды. Қайғылы оқиға кезінде әлем елдері қол ұшын созып, көмекке келді. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары толық аяқталған жоқ. Дегенмен бүкіл әлем бірігіп қиындықтың көбін еңсерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2023
Прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтаруды көздеп отыр
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Pioneer Capital Invest» ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп танып, Алматы қаласы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2023
Транзит – тұрақтылық пен тәуекел
Ортақ кеңістіктегі елдер арасында экономикалық байланыстарды нығайтудың негізгі факторларының бірі, тауарларды әлемдік нарықтарға экспорттаудың маңызды өткізгіші тиімді логистикалық инфрақұрылым екендігі белгілі. Осыған сәйкес Қазақстан бес ірі трансшекаралық хабтың көмегімен халықаралық сауданы дамытпақ.
16 Ақпан, 2023
Биылғы оқу жылынан колледждерге кәсіпорын өтінімдері бойынша маман даярлау енгізілді. Осындай өзара ынтымақтастық еңбек нарығының сұранысына сай білікті маман әзірлеуге мүмкіндік береді.
16 Ақпан, 2023
Әскери оқуға қалай түсуге болады?
Биылдан бастап мерзімді әскери міндетін атқарған азаматтар Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданады. Яғни жақсы әскери дайындық көрсеткендердің оқу ақысын институттар өздері өтейді. Сондай-ақ әскери кафедраларда білім алу студенттер үшін тегін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов мәлімдеді.
16 Ақпан, 2023
Ядролық қауіпсіздікті сақтау маңызды
Бүгінде ядролық технологияларды адамзат өмірінің қай саласында да тиімді пайдалануға болатынын ғалымдар дәлелдеді. Бұл ретте Ядролық физика институтының ғалымдары соңғы жылдарда ғаламдық экологиялық сипат алған, тіршілік көзі – суды, азық-түлік өнімдерін залалсыздандыруда радиациялық өңдеу әдісінің заманауи мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін алға тартып отыр.
16 Ақпан, 2023
Қазақстанның азық-түлік нарығы бір тұрақтала алмай қойды. Арагідік қандай да бір өнім түрі тапшылыққа ұрынып, тұтынушыларды дүрліктіріп қоятыны бар. Биылғы кезек пиязда сияқты. Осыдан айға жуық уақыт бұрын мемлекет пияз экспортына 3 ай мерзімге шектеу қойған болатын. Бұған себеп – Пәкістандағы табиғи апат (су тасқыны). Аталған ел әлемдегі аса ірі пияз өндіруші болып саналады. Енді олар апат салдарынан пиязды жеткілікті деңгейді өндіріп, тасымалдай алмаған соң, импорттаушы нарықтар Қазақстаннан сатып алуды көздейді.
16 Ақпан, 2023
Қазақ поэзиясы – әдебиетіміздің алтын діңгегі. Осы бір жаһұт діңгектің жарқырап көрініп, талайды қызықтырғанымен өзіне кім көрінгенді жақындата қоймас қиқар мінезі бар. Ол маңайына тек таңдаулыларды ғана, тамырынан талантының дүбірлі дүрсілі анық естілетін саңлақтарды ғана жібереді. Сүзгісі қатал, таңдауы таза, іріктеуі әділ. Міне, осынау сүзгі-іріктеуден іркіліссіз өткен сөз зергерлерінің бірі – Қорғанбек Ғалымтайұлы Аманжол. Өйткені, қазақ әдебиетінің берекесін кіргізген, рухани әлемімізде құбылыс тудырған Абай, Мағжан сынды алыптардың ұлы жорығына ілесіп, қазаққа пайдасын тигізуден өңге тілегі жоқ ақын өлеңдерінің өзегінде өшпес рух, ұлттық аңсар, тұңғиық сыр, ізгілік, адам болмысының қыр-сырын мәністеген мәнер, бәрінен де қазақтың арын оятып, намысын жаныр жанайқай, тіліміз бен ділімізге оралуға шақырған азаматтық адал үн бар.
16 Ақпан, 2023
«Open api» мен «Оpen Вanking»: Банк секторындағы бәсекелестік
Ұлттық банк «Open API» және «Open Banking» технологияларын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялады. ҰБ бұл тұжырымдаманы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) қатысуымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп әзірлеген. Тұжырымдаманың мақсаты – ашық банкингті дамыту және ашық банктік интерфейстерді енгізу бойынша қаржылық инфрақұрылым мен заңнамалық ортаны дамыту төңірегінде нақты қадамдар мен шараларды ұсыну.
16 Ақпан, 2023
Әр шығармашыл жан өз үнін, өз ой-пікірін, өз ұстанымын, қарсылығы мен бұлқынысын өнері арқылы жеткізеді. Әр идеясын талантымен шебер ұштастыра алатындардың бірі – суретші Сәуле Сүлейменова. Жуырда ел астанасындағы «Pygmalion» галереясында ашылған суретшінің «Milestone» атты жеке көрмесіне барып, бұл ойымызға тағы да беки түстік.
16 Ақпан, 2023
Банк секторының «жұлдызды клиенттері»
Несие пайызы қандай факторларға тәуелді деген мәселе қай кезде де өзекті. Тәуелсіз сарапшылар несие пайызына бірінші кезекте ықпал ететін факторлардың қатарына Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесінің деңгейін айтады. Мысалы, қазіргі мөлшерлемесі 17,6 пайыз делік. Ал оның пайызы инфляция деңгейімен теңестіріліп отырады.
16 Ақпан, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ветеринария саласына айрықша көңіл бөліп, бұл сала қазіргі заман талабына сай болмаса, ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес екенін атап өткен еді. Ветеринария саласының жүйелі жұмысына мал саулығын бақылауды жақсарту ғана емес, оның өнімдерінің халыққа зиянсыздығын тексеруді арттыру да қосылатыны айдан анық. Тек сау малдың еті, өсімдік өнімдерінің зиянсыздары ғана дастарқанға тартылса, халқымыз сау болады.
16 Ақпан, 2023
Астанадағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері маржан тәрізді бүйрек тасы бар науқасты аман алып қалды. Бүйрек патологиясы бар пациентке қалалық урология орталығының дәрігерлері жәрдемдескен.
16 Ақпан, 2023
Диспансерлердің арнайы есебінде тұрған жергілікті жұрт өткен қаңтар айында өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай жандары қысылған. Ақпараттық жүйеде техникалық ақаудың пайда болуы, логистиканың толыққанды жұмыс істемеуі салдарынан емханалар бұл уақытта бірқатар қиындыққа ұрынған сыңайлы.
16 Ақпан, 2023
Түркия мен Сириядағы табиғат апаты бүкіл әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Қазіргі таңда аталған екі елде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мың адамнан асып кетті. Қайғылы жағдайға байланысты шартараптың түкпір-түкпірінен қол ұшын созып жатқандар жетерлік. Солардың бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші Ерболат Төлепбай.
16 Ақпан, 2023
Бұрын ірі кәсіпкерліктің дамып, ал шағындар оның шаңына ілесе алмай қалғаны жиі айтылатын. Қазір олай деп шағынатын жөн де, жоба да жоқ. Өйткені кейінгі уақытта мемлекет шағын кәсіпкерліктің дамуына ден қойып отыр. Әсіресе қайтарымсыз гранттар біраз адамның кәсіп бастауына баспалдақ болып келеді.
16 Ақпан, 2023
Жастарды әлеуметтендіру – әрдайым назарда
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастарды әлеуметтендіруге арналған форум өтті. Екі күнге созылған іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер қатысып, салаға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
16 Ақпан, 2023
«Депозит – банктің жаны» десе, жарасқандай. Біріншіден, депозит тарту арқылы өзінің қаржы қорын молайтады, тиісінше клиент алдындағы міндеттемесін өтеу тұрғысынан да сенімді болады. Екіншіден, мейлінше мол депозиттің жиналуы – азаматтардың банкке деген сенімінің өлшемі іспетті.
16 Ақпан, 2023