Редакция таңдауы
Партиялар әділ бәсеке жүргізуге уағдаласты
Бүгін алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын алты саяси партияның өкілдері әділ сайлау өткізу жөнінде меморандумға қол қойды. ЖСДП бұл бастаманы қолдамады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Ақпан, 2023
Қазақстан құтқарушылары Түркиядан оралды
Түркияның Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Ақпан, 2023
Елордада Tartyl Fest жеңімпаздары марапатталды
Бүгін ел астанасында Tartyl Fest турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Ақпан, 2023
Түркияға аттанған ТЖМ құтқарушыларының есімдері белгілі болды
ҚР ТЖМ Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылардың фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Ақпан, 2023
Алдағы сайлауда үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі?
ОСК сайлау алдындағы үгіт-насихат бойынша енгізілген жаңа ережелер жайын тарқатты. БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізуден басқа, онлайн-платформалар арқылы үгіт материалдарын шығаруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Ақпан, 2023
Мектептерде қауіпсіздік жүйесі күшейтіледі
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді. Оған министрлердің және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметке сілтеме жасап.
17 Ақпан, 2023
Жер сілкінісінен аяғы ауыр әйел аман қалды
Йемендік әйел Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен. Жүкті әйел құтқарылғаннан кейін он сағаттан соң сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2023
Кеңес заманында Көкше өңіріне кеңінен танымал болып, таралымы 16 мың данадан асқан «Көкшетау» газетінің бас редакторы, белгілі журналист-жазушы Жанайдар Мусин өзі басқарған шығармашылық ұжымға кілең дарынды жастарды жинаған еді. Сондықтан да бүгінде өздерін «Мусин мектебінің шәкіртіміз» деп мақтанышпен атайтын әріптестеріміз аз емес. Солардың бірі һәм бірегейі – бүгінде «Егеменнің» Ақмола облысындағы меншікті тілшісі қызметін абыроймен атқарып жүрген Байқал Байәділ.
17 Ақпан, 2023
Жеті елге жеткізетін әуе бағыттары
Өткен жылы елімізде 7 мемлекетке 10 жаңа әуе бағыты ашылды. Енді отандастарымыз Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) жаңа әуе рейстерімен тікелей қатынай алады.
17 Ақпан, 2023
Каспий жағасына келушілер көбейеді
Теңіз жағалауындағы Ақтау қаласы мен «жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстауға» қызығушылықпен келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы жаз айларында шетелдік жиһанкездер мен саяхатшылар республика бойынша Ақтауда демалуды, саяхаттауды көбірек таңдаған.
17 Ақпан, 2023
Маркетплейстер тауарлардың сапасыз көшірмесін қалай өткізеді?
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың арқасында айшылық алыс жерде тұрған тауарды үйіңізден шықпай-ақ сатып алуға болады. Дегенмен кейде көрмей сатып алғанның жақсы жақтарымен қоса, жағымсыз жақтары да бар. Қысқасы, қандай да бір затты көрмей сатып алу дегеніміз не? Яки болмаса, маркетплейстер отандастарымызға сапасыз заттарды қалай өткізе алады?
17 Ақпан, 2023
Бұрын қазақ наурыздағы үлкен мерекелерге ерте бастан қамдана бастайтын, ал бүгін топан судың астында қалмаудың амалын іздейді. Тойдан бұрын, тасқынға тосқауыл болар қарекет керек-ақ. Ерте жауған жаңбыр елді әбігерге салғаны аян. Сондықтан сақтанбаса болмайды. Жетісуда да биыл ауа райы жылдағыдай емес.
17 Ақпан, 2023
Атырау мұнай өңдеу зауытының басынан қара бұлт арылар емес. Жуырда осы зауыттың тағы бір қондырғысы істен шықты.
16 Ақпан, 2023
Сыртқы сауда айналымының өсімі
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы былтыр тарихи максималды көрсеткішті бағындырып, 134,4 млрд АҚШ долларына жетті. Сауда профициті – 34,3 млрд доллар, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 82 пайызға, 2020 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары.
16 Ақпан, 2023
Инфляция алынбайтын қамал емес
Соңғы кезде тауар мен қызмет ақысына төлейтін қаржы көлемі артты. Тіпті кейде бұрын алып жүрген затымыздың өзіне қаражатымыз жетпей қалып жүр. Инфляцияның қарқынды өскені көзге ұрады. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, өткен жылғы инфляция деңгейі әлем бойынша (2021 жылы 3,7 пайыз болды) екі есе жоғарылап 9,2 пайызға жеткен.
16 Ақпан, 2023
Ырыздық мол, ұқсату жағы кемшін
Астананың азық-түлік белдеуін дамыту – айрықша маңызды. Ойға алған шаруа оңалмай жатыр деуге де болады. Осы олқылық жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте әділ сын айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, Астанадағы бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе – инфляция. Өткен жылы бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең нашар көрсеткіш. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттапты.
16 Ақпан, 2023
Бақылаусыз бала жамандыққа үйір
Өңірде жасөспірімдер мәселесі өте өзекті болып тұрғаны белгілі емес. Облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек өткен жыл қорытындысында өз-өзіне қол жұмсауға бейіл жастардың саны 13-ке жеткенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ өткен жылы жасөпірімдер 128 қылмыс жасаса, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 54,2 пайызға артқаны да ашық айтылды.
16 Ақпан, 2023
«Кей пернеге қадалады саусақтар, сол пернеде жатқандай бір сыр-тетік. Жаныңды рас мазалаған, аңсатқан нағыз дыбыс содан шығар бұрқ етіп» дейді Жұмекен Нәжімеден.
16 Ақпан, 2023
Пауло Коэльо шығармалары Шығыстың жынысты шатқалдарын, лабиринт толы бұғаздарын еске салады. «Мың бір түн» ішіне енгендей, ескі қорымдарды іздеп шыққан жолаушыдай алабөтен сезімді бастан кешесіз.
16 Ақпан, 2023
«Астана Опера» балет труппасының жетекші солисі Бақтияр Адамжан Кипрде өтіп жатқан Celebrity ballet gala гала-балетінде табысты өнер көрсетті. Әлемнің әйдік жұлдыздарының орындауы асқақ өнер мерекесінің сәнін келтірсе, қазақ бишісі кештің фавориті болды. Ол көрермендерді өзінің актерлік шеберлігімен, ерекше мәнерімен таңғалдырды.
16 Ақпан, 2023