Редакция таңдауы
Қазақтың тілдік танымында «тентекті тезге салу» деген тіркес бар. Немесе аталарымыз «Қисықты тез түзейді, бүкірді көр түзейді» деп те айтады. Бұл сөз мағыналық тұрғыдан қоғамда, яғни ел ішінде болатын кейбір қыңыр-қисық, телі-тентектерді жөнге салып, оның мінезіндегі қыңырлықтары мен әрекетіндегі оғаш қылықтарын жөнге келтіру үшін жасалған шаралар екені анық.
14 Ақпан, 2023
Адамзаттың алтын бесігі Алтай, бәлкім, алтын тау, қалай атаса да жарасады. Сақ, ғұн, түріктен қазақ шыққан атажұртымыздың қойын-қонышы бүгінде иен жатқанын білеміз. Ондағы Бөкенбай тауы, Ақсөңке сайы, Қыранжартас үңгірі, Былғары табыт обасы мен Азутау шыңы, Марқакөлді, Қалжыр мен Шүмек өзендерін Астанада отырып қалай таныдық? Жазушы Асқар Алтайдың «Былғары табыт» романынан ұшыраттық. Жердің жайы өз алдына, сол топыраққа қоныстанған жұрт, олармен астаналықтардың қатынасы арқылы өзін танудан қалған қайран қазақтың бүгіні мен болашағын бағамдайсыз. Қайран деген сөздің соңында өкініш бар...
14 Ақпан, 2023
Әлемге әйгілі Google компаниясында жұмыс істеу әрбір IT-маман үшін үлкен мәртебе. Дегенмен ол биікті бағындырған қазақ балалары жетерлік. Соның бірі – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Ернияз Нұрғабылов. Жақында жас білімпаз оқушылармен кездесіп, ой бөлісті.
14 Ақпан, 2023
Майшелпек майнингтің өрісі тарылды
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң сәуір айынан бастап күшіне енеді. Әзірге активтің мұндай түрі төлем құралы, қаржылық актив болып есептелмейді.
14 Ақпан, 2023
Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әртүрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілген терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік, т.б. деп аталады.
14 Ақпан, 2023
Президент Степногорсктегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Степногорск қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Ақпан, 2023
Мемлекет басшысы Степногорск қаласындағы аулалардың бірін аралады
Президент Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Степногорск қаласындағы 6-шы шағынауданның ауласын аралады, деп хабарлады Egemen.kz.
14 Ақпан, 2023
Биыл құтқарушылардың жалақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы құтқарушылардың жалақысын 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2023
Құтқарушылар Отан алдындағы борышын адал атқарып келеді - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2023
Азаматтық қорғау жүйесі жаңғыртуды қажет етеді - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барып, курсанттар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Ақпан, 2023
Қазақстанда зейнетақы активтері өсті - Ұлттық банк
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов зейнетақы активтерінің өскені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2023
Қазақстан экономикасы 5,6%-ға өсті
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2023 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Ақпан, 2023
Қазақстан құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр
Іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 80 адамның, оның ішінде 7 баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2023
Үкімет басшысы мектептерде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Әлихан Смайылов жуырда Петропавлдағы мектеп қабырғасында болған оқыс оқиғаға халық алаңдаулы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2023
Базалық мөлшерлеме мен инфляция деңгейі
Бір жылдан кейін инфляция деңгейі 13,3 пайызға дейін баяулауы мүмкін. Сол кезде ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 481 теңге деңгейінде болмақ. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары айтып отыр.
14 Ақпан, 2023
Қоныс аударушыларға – кең қолдау
Өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында жұмыс орны тапшылығы байқалатын өңірлерден 7 923 адам өз еркімен қоныс аударды. Оның ішінде 1 320 қандас және 6 603 қоныс аударушы бар. Барлық қоныс аударушыға тиісті деңгейде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.
14 Ақпан, 2023
Ұлт саулығы – мемлекеттің басты ұстанымы. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі елге келетін дәрі-дәрмектің қауіпсіздігіне, сапасына бейжай қарамайды.
14 Ақпан, 2023
Елі «Ерке ақын» деп атап кеткен Нарша Қашаған таластық жерлестеріне еркелеп жүргенімен, ақын інілерін аялай білетін. Нәкеңнің қасында жүру, әңгімесін тыңдау – оралмайтын өткен шақ. Ардақты ақынның дүниеден озғанына да біраз жылдың жүзі болды.
14 Ақпан, 2023
Елшіл үміткерді таңдаған сайлаушы ұтылмайды
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». 19 наурыз күнгі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы алдыңғы саяси додалардан сәл өзгеше екені анық. Осының өзі қарапайым сайлаушы ретінде баршамыздың назарымызды аудартып отыр. «Сәл өзгеше» дегеніміздің өзі дұрыс болмас, әжептәуір жаңалықтары бар бұл сайлау тарихта демократияның келесі асуының көрінісі ретінде қалар деп үміттенеміз.
13 Ақпан, 2023
Киіз үй зілзала аймағына жетті
Қазақтың киіз үйлері Түркияға жетті. Алғашқы 30 үй тігіліп, баспанасыз қалғандар орналасып жатыр. Кеше кешқұрым тағы 84 үй Кахраманмараш өңіріне жеткізілді. Онда ел белсенділері ошақ орнатып, қазанда ас қайнатып, түрік ағайындарға қамқор болмақ. Ал қазақ құтқарушылары қазір Газиантеп қаласындағы үш нысанда тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмысын жалғастырып жатыр.
13 Ақпан, 2023