Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Қазақстан құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 80  адамның, оның ішінде 7 баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ хабарлағандай, қазіргі уақытта Қазақстан құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Құтқарушылардың бір тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс істеп жатыр. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, қаза тапқан 22 адамның денесі шығарылды.  

Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізіп жатыр. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп, қайтыс болған 24 адамның денесі шығарылды.

Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді. Олардың ішінде стресстің жедел реакциясымен, тыныс алу жолдарының ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі жарақаттармен байланысты аурулар басым.