Орал қаласы маңындағы Подстепное кентінде №12 бағыттағы қоғамдық көлік мектеп автобусына соғылды. Соққы салдарынан оқушылар отырған автобус алда тұрған Ford Galaxy көлігіне соқтығысып, жолаушылар автобусы жолдан шығып, бағанаға соғылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатта зардап шеккендер бар, олардың ішінде балалар да бар. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметтері дереу жетті.
Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.