Әлем • 16 Ақпан, 2023

Түркия құтқарушыларды құрмет-қошеметпен шығарып салды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда 6 ақпан күні ауыр шығынға ұшыратқан жер сілкінісі болды. Қайғылы оқиға кезінде әлем елдері қол ұшын созып, көмекке келді. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары толық аяқталған жоқ. Дегенмен бүкіл әлем бірігіп қиындықтың көбін еңсерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия құтқарушыларды құрмет-қошеметпен шығарып салды

Зілзаладан кейін 75 елдің іздеу-құтқару топтары Түркияға көмекке келген болатын. Оның ішінде Қазақстан да бар. Он күннің ішінде кейбір елдердің командалары өз миссиясын аяқтап, еліне қайтып жатыр. Түріктер құтқарушыларды  қол ұшын созғаны үшін алғыс айтып, құрмет-қошеметпен шығарып салды. 

Ал Қазақстаннан барған құтқару топтары іздеу-құтқару және медициналық көмек көрсету жұмыстарын әлі жалғастырады.