Редакция таңдауы
Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
20 тамызда жоғары қысым алқабының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
20 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрт: төртінші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасында төртінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2023
Шахтадағы апат: Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі «Қазақстан» шахтасындағы апатта қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2023
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілерге барды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2023
Премьер-министрдің төрағалығымен Шахтинск қаласында кеңес өтті
Бүгін Шахтинск қаласында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасындағы жағдай бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасында болған апаттың себептері жан-жақты тексеріледі
18 тамызда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында болған жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2023
Алматы қаласының инфрақұрылымы Мемлекет басшысының назарында
Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі де Президент назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Тамыз, 2023
Үшінші сынып оқушысы Президентке өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйлады
Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысына 31 цифрлық гидробекет таныстырылды
«Аюсай» бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрт: тағы бір адамның денесі табылды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай «Қазақстан» шахтасындағы төтенше жағдай салдарынан көз жұмған тағы бір жұмысшының денесі табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2023
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару үдерісі басталғаннан кейін жемқорлардан қайтарылған қаражатты жинақтайтын арнайы қор құрылған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қорға 151,6 миллиард теңге түскен.
18 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрт кезінде қаза тапқан қызметкердің аты-жөні белгілі болды
Өрт салдарынан 39 жыл еңбек өтілі бар жерасты электршебері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «АрселорМиттал Теміртау»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Тамыз, 2023
Астанада қоғамдық демалыс орындары көбейе бастады. Осы орайда Мәжіліс депутаттары жуырда Байқоңыр ауданында бой көтерген «Журналистер аллеясының» жай-күйімен танысты. Жасыл желегі жайқалған алаңның ерекшелігі – мұндағы құрылыс нысандары отандық өндірістен шыққан.
18 Тамыз, 2023
Сарыарқаның алтын қақпасы атанған, Арқа мен Жетісудың арасын жалғап жатқан Сарышаған кентіне 70 жыл толды. Ынтымағы жарасқан, ырыс-берекесі тасыған ауыл халқы мерейлі жылды торқалы той өткізіп атап өтті. Бұл тойда елге шарапаты тиетін игілікті іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, ауылдың ең биік жотасынан сәні келіскен саябақ ашылды. Ауыл жастарына арналған волейбол мен баскетбол алаңы бой көтерді. Теміржол вокзалындағы жаңадан ашылған мұражайда жолаушылар түрлі жәдігерлермен таныса алады. Мешіт жанындағы діни сауат ашу орталығы мен асхана ауылға жанашыр азаматтардың атсалысуымен салынып отыр.
18 Тамыз, 2023
Шахтадағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан ауруханаға жатқызылған алты адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2023
Қолайлы инфрақұрылым, жайлы шаһар
Жыл өткен сайын ортасы толып, құлашы кеңге жайылған Астананың даму динамикасы бір сәт те баяулаған емес. Тіпті осынау қарқынды үдерістің әсерінен елорданың бастапқы Бас жоспарына бір емес, бірнеше мәрте (2001, 2011, 2016 жылдары) түзету енгізілді. Биыл Мемлекет басшысының елорданы одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын жіті назарға ала отырып, қаланың 2035 жылға дейінгі Бас жоспары түзіліп жатыр.
18 Тамыз, 2023
«Халық» Маңғыстау өңіріне қолдау көрсетеді
«Халық» жеке қайырымдылық қорының атқарушы директоры Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, ынтымақтастық туралы меморандум Маңғыстау өңіріндегі әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған.
18 Тамыз, 2023
Жауапкершіліктің межесі мен мекені
Шекара шебі – бір бөлек тылсым дүние. Алайда уақыт озған сайын шекараға төнген қауіп пен қатердің де келбеті де өзгерді. Көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан технологиялармен қатар шекара кеңістігіндегі заң бұзушылық та мың құбылды. Ұлы дала батырларының бүгінгі ізбасарлары – шекарашылардың мойнына артылған жүк әсте жеңіл емес.
18 Тамыз, 2023
Әлемдік қауымдастықта орнымыздың айшықты болуы ұлтымыздың заманауи талаптарға жауап беретін сапасына тікелей қатысты. Ұлтымыздың жаңаша болмысының қалыптасуында білім мен тәрбиенің орны ерекше. Бұл бағыттағы жұмыс нәтижесі отбасы, білім мекемелері және жұртшылықтың өзара үйлесімді жұмыстарының тиімділігімен өлшенеді.
18 Тамыз, 2023
Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының іргесіндегі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында апат болды. 170 метр тереңдікте өрт шыққан. Конвейер таспасы өртеніпті. Зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар төрт адамды іздестіруде. Бір кеншінің денесі табылды. Шахта ішіндегі қою түтіннің салдарынан іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Оқиға орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды. Өрттің себептері анықталып жатыр.
18 Тамыз, 2023