Редакция таңдауы
Өңірдегі білім саласында ұзақ жыл бойы шешімін таппай қордаланып қалған күрделі мәселелердің орын алғандығы белгілі. Мәселен, үш ауысымды және апатты жағдайдағы білім ошақтары. Биыл осы кемшіліктерден арылу үшін бірқатар тындырымды іс жүзеге асырылды.
21 Тамыз, 2023
Елорданың триатлон паркінде даңқты ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің 101 жылдығына орай жүгіруден жарыс өтті.
21 Тамыз, 2023
Шымкенттегі ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ инфекциясын жұқтырмаудың тыс әдісін 2021 жылдан бері қолданып келеді. Бұл аурудың алдын алу үшін қажет. Тың әдіс деп отырғанымыз АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау арқылы инфекцияға қарсы тұруы. Бүгінге дейін шаһардағы ЖИТС орталығында 100-ден аса адам аталған терапиядан өткен. Жалпы, жанасуға дейінгі профилактика көптеген емдеу мекемесінде жүргізіледі.
21 Тамыз, 2023
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген білім ордасының ашылу рәсімі өтті.
21 Тамыз, 2023
2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?
ҚР Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
21 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрттің мән-жайын арнайы комиссия анықтайды
Қарағанды облысындағы шахтада өрт болып, салдарынан 5 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссия құрды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Тамыз, 2023
Визасыз режім: Барыс-келіс артады
Қазақстан мен Сейшел аралдары өзара визасыз режім орнатпақ. Уағдаластық жөніндегі келісімнің жобасы «Ашық НҚА» мемлекеттік веб-порталында жарияланды. Жобада бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады делінген. Құжатты талқылау 28 тамызға дейін көпшілікке қолжетімді.
21 Тамыз, 2023
Жұртшылыққа берілген уәде орындалып келеді
«Amanat» партиясының Абай облыстық филиалында облыс мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы Шағангүл Жанаеваның қатысуымен брифинг өтті.
21 Тамыз, 2023
Несие ауыртпалығы қалай шешіледі?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие жүктемесін жеңілдетуді қарастырып отыр. Бұл туралы агенттіктің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында атап көрсетілген. Құжат жобасы біраз уақыт бұрын Ашық НҚА порталында орналастырылды.
21 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы өседі.
21 Тамыз, 2023
Ақтөбедегі Ұлыбритания университеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылған ұлыбританиялық Heriot-Watt университетінің филиалына 300 түлек оқуға қабылданды. Олардың 40 пайыздан астамы мемлекет қолдауын қажет ететін әлеуметтік санатқа жататын отбасылардан шыққан.
21 Тамыз, 2023
Мектеп жайлы болмай, білім сайлы болмас
Қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының 377 мектебінде қоңырау соғылып, 121 мыңнан астам оқушы білім әлеміне қадам басады. Бұл мектептердің дені, яғни 369-ы – күндіз білім беретін мемлекеттік білім ордасы. Сондай-ақ кешкі білім беретін 3 мектеп, жекеменшік 5 мектеп жаңа оқу жылына кіріседі.
21 Тамыз, 2023
Жылына 15 фильм қазақша дубляждалады
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және бағынышты мекеме басшыларының қатысуымен аппарат кеңесін өткізді. Алқалы жиында көрерменнің сұранысына ие кассалық фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждау мәселесі талқыланды.
21 Тамыз, 2023
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ әдебиетінде ерекше буын берік орнықты. Ерекше болатыны бұларға дейінгі қаламгердің барлығы ғасырдың бірінші жартысындағы төңкерістерді, қырғын соғыстарды, ашаршылықтар мен саяси қуғын-сүргіндерді тікелей басынан өткізгендер еді. Ата буынды айтпағанда, әдебиетке қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші жылдары келген ең тете буын Бауыржан Момышұлы, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тахауи Ахтановтардың жасында көргенімен салыстыруға келмейтін еді бұлардың өмірбаянын.
21 Тамыз, 2023
Ғалым Нұржанов: Футбол талантты жігіттер үшін әлеуметтік лифт болуы керек
«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оның аясында аймақ үшін маңызды индустриялық-әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Жаңадан құрылған «Ұлытау өңірі» футбол қауымдастығының президенті, «Kazakhmys Barlau» кәсіпорнының бас директоры Ғалым НҰРЖАНОВ «Egemen Qazaqstan»-ға миллиондар ойынының өңірдегі даму барысы туралы сұхбат берді.
21 Тамыз, 2023
Жалпақ жұрттың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама аз емес. Соның бірі – «Ауыл аманаты».
20 Тамыз, 2023
Шу ауданына қарасты Өндіріс ауылының тұрғындары елді мекенге жаңа мәдениет үйі керектігін жиі айтып жүретін. Ауыл жұртшылығын алаңдатқан мәселе «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында шешімін тапты. Мәдениет үйінің ашылу салтанатына өңір басшысы Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты.
20 Тамыз, 2023
Шетелдегі танымал оқу орындарына оқуға шақырту алған атыраулық шәкірттер аз емес. Мәселен, биыл мектеп бітірген 18 өренге АҚШ, Германия, Канада, Италия, Мажарстан, Түркия, Чехия, Эстония секілді елдердің таңдаулы университеттері қызығушылық танытты.
20 Тамыз, 2023
Тәуелсіздік жылдарында еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтың бірі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы жерінен табылған Тақсай ханымы (кей деректе абыз әйел).
20 Тамыз, 2023
Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды
Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды. Оның бұл ақшаны жазаны жеңілдету үшін алғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Тамыз, 2023