Редакция таңдауы
Елордада «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті. Қазіргі уақытта бас жоспар жобасы келісу сатысында тұр.
24 Тамыз, 2023
Амандық болса, аймағымызда 458 мың сиыр, 696 мың қой-ешкі, 312 мың жылқы қысқа кіреді. Арқаның алты ай қысынан бұл малды күйлі шығару үшін 1,9 млн тонна шөп қажет. Қазір шабындықтағы шаруа да, астықты алқаптағы науқан да қызу. 994 мың гектар жерден астық жиналады. Арзандатылған дизель отынының қоры да жеткілікті.
24 Тамыз, 2023
Егін бітік шықса, елдің де, егіншінің де көңілі тыныш. Қазір орағын қолға алған диқандар әбігерге түсіп жатыр. Бидайын жинап, арпасын орып, қамбасын толтыруға кірісті. Биыл күн райы құбылып, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Дегенмен сала мамандары жылдағы нәтижеден кем түспейміз деп отыр.
24 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы Астанада белсенді жүзеге асырыла бастады. Бұл ұлттық жоба аясында елордада 24 мектеп салынып, білім беру саласының көкжиегін кеңейтпек.
23 Тамыз, 2023
Кейінгі жылдары ерекше қажеттіліктері бар балаларға көңіл бөлу, олардың өзге балалармен тең құқылы білім алуы заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, қазіргі кезде арнайы мектептердегі оқу үрдісі осы бағытта жұмыс істепкеледі.
23 Тамыз, 2023
Мына картинаның атауына қарап, «Ойдың түсі бола ма?» дерсіз. Кез келген өнер туындысы автордың идеясына, яки философиялық тұжырымына құрылады. Белгілі суретші Руслан Ақанаев кезекті шығармасын «Ой түстері» деп атауы да тегін емес.
23 Тамыз, 2023
Еліміздің терістігінде үлкен орақтың басталып кеткеніне біраз күн болды. Бүгінгі таңда барлық егіс алаңының 20 пайызға жуығы жиналды. Егер алдағы күндерде де күн райы қолайлы болса, бүгінгі техникалардың өнімділік қарқынымен бар астықты бір айдың көлемінде жинап алуға болады.
23 Тамыз, 2023
Жуырда Қонаев қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушыларының көрмесі өтті. Орталық алаңда өткен іс-шараға 80-ге жуық кәсіпкер қатысты. Көрмені тамашалай келген қонақтар тауарларды өндірушілерден өз бағасына сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
23 Тамыз, 2023
Оқушыларды тегін тамақтандырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жаңа оқу жылының басынан барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде мәдениет саласындағы мектептер де бар.
23 Тамыз, 2023
Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Тамыз, 2023
Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның мәйіті табылды
Түркістан облысында құтқарушылар Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
23 Тамыз, 2023
15 қыркүйекке дейін декларация тапсырмағандарға қандай шара қолданылады
2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Тамыз, 2023
Қартаю үдерісі: Азия-Тынық мұхит есебі 2022
БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық-әлеуметтік комиссияның (Economic and Social Commission for Asia and the Pacific, ESCAP) 2022 жылдың «Қартаю жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарын Төртінші қарауы және бағалау бойынша Азия-Тынық мұхиты үкіметаралық кездесуінің» қорытындысы негізінде арнайы есебі дайындалды. Құжатта Орталық Азия елдеріндегі көрсеткіштер де қамтылған. Зерттеу ESCAP мүшелері мен қауымдастырылған қатысушылар қатысқан сауалнама жауабын, азаматтық қоғам ұйымдарының талқылауын және үкіметаралық отырыста қабылданған есеп пен қорытынды құжаттарды қамтиды.
23 Тамыз, 2023
Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күнін» оқыған боларсыз. Шығарма тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың бейнесімен байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр тереңінен қопарып көрсетеді. Оқиға барысында жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсеткен Ақан секілді қатыгез, жауыз болыстың айуандық бет-пердесі ашылады. Қорлыққа жаны төзбеген Ғазизаның әкесінің моласына барып, боранға ұрынып, үсіп өлуінің себебін жазушы шебер суреттейді. Сол қорғансыздың күйін кешкен Ғазизаның бейнесі біздің қоғамда да бар...
23 Тамыз, 2023
Оңалту құралының сапасы қандай?
Қоғамның осал топтарын қорғау мен қолдау – әлеуметтік саясаттың басты бағыты. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар адамдар ерекше қамқорлықты қажет етеді. Бұл ретте техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етудің маңызы зор.
23 Тамыз, 2023
Нұра ауданының кәсіпкері Гүлзада Маханбетова әлеуметтік осал топқа жататын бес отбасының балаларына мектепке қажетті керек-жарағын әперді. Мұндай шарапатты шаруа ауданда жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында өтіп тұрады. Кәсіпкер бастап берген челленджді басқа да ақжүрек азаматтар әрі қарай жалғауда.
23 Тамыз, 2023
Санаулы күннен соң мектеп қоңырауы сыңғыр қағады. Ал Қарағанды облысындағы бес мектепте енді қоңырау соғылмайды. Есігі тарс жабылды. Ауылдағылардың дәрмен қылар дәнеңесі де жоқ. Бала саны аз болғандықтан, биылғы жаз оларға алаң күй кешумен өтті. Дегенмен, бүлдіршіндер жақын маңдағы мектепке барады.
23 Тамыз, 2023
«Қазақ тілін үйренуге намыс керек, ағылшын тілін үйренуге әдіс керек» дейтін кейіпкеріміз – Ернат Қашқынов оқушыларға ағылшын тілін Абай арқылы үйретіп жүр. Алғашында еріксіз таңғалғанымыз рас. Абай күні қарсаңында шеберлік сағатына қатысып, ұстаз әдісіне қызыққанымыз сонша – орайын тауып, сұхбат құрып үлгердік.
23 Тамыз, 2023
Үлестік құрылыстағы өзгерістер
Өңір халқын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қай кезде де өзектілігін жойған емес. Содан да болса керек, өңірде үлестік құрылыс саласындағы қордаланған мәселелерді ретке келтіруге айрықша назар аударылып отыр. Жылжымайтын мүлікке сұраныс артқан сайын тұрғын үй сегментіндегі заңды айналып өтетін жосықсыз ұсыныстар көбейе түскені мәлім. Салалық басқарманың қызметкерлері осы мәселелермен күресуге баса ден қойды.
23 Тамыз, 2023