Редакция таңдауы
Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады
Елімізде жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам жас маман баспанамен қамтылған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2026
800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды
Павлодар облысында полиция жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйелдің заңсыз әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның бұл әрекеті анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жобалардың жүзеге асуын талқылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бұхарада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
Өскеменде қаланың бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталып, үкім жарияланды. Сот оны алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026
Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026
Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды
Биыл 27 қаңтар күні Гвардейск гарнизонында сарбаз Е. Рустемұлы қаза болған еді. Бас прокуратура аталған факт бойынша әскери бөлім рота командирінің қызметке салғырт қарауы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026
Әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды
11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтетін футболдан әлем чемпионатында бақ сынайтын барлық 48 команда анықталды.
03 Сәуір, 2026
«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»
Астананың ажары мен тұрғындар өмірінің сапасы қала тазалығымен тікелей байланысты. Қарқынды дамып келе жатқан мегаполисте санитарлық жағдайды сақтау – жүйелі әрі үздіксіз еңбекті талап етеді. Осы маңызды саладағы жұмыстың барысы, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры Замир Сағыновпен әңгімелестік.
03 Сәуір, 2026
Ұлттық құрама – турнир жеңімпазы
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Астанада өткен FIFA Series 2026 турнирінде чемпион атанды. Талғат Байсуфинов бастайтын бас команда елорда төрінде Намибия мен Комор аралдары құрамаларын жеңді.
03 Сәуір, 2026
Травматология және ортопедия орталығы құрылады
Айтып келмейтін апаттар мен түрлі жол-көлік оқиғалары озық технологиялармен жабдықталған медициналық орталықтардың қажеттілігін арттырып отыр. Осы орайда Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана базасында өңірлік Травматология және ортопедия орталығын құру жоспарланды.
03 Сәуір, 2026
Бауырлас елдердің байланысы беки түседі
Премьер-министр Олжас Бектенов Баку қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен өткен ұжымдық қабылдауына қатысты. Сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары мен вице-президенттерінің кездесуіне де қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді.
03 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар Перу Республикасымен бірқатар келісімді мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Перу арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек пен халықаралық шарттарға орай, енді сотталған адамдар экстрадицияланып, жазаларын азаматтығы бар елде өтей алады.
03 Сәуір, 2026
Ынтымақтастықты арттыруға ынталы
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті.
03 Сәуір, 2026
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне негізделуі мүмкін. Сенатор Амангелді Нұғманов жасқа байланысты емес, еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл қадам елдегі әлеуметтік саясатты жаңғыртып, еңбекке ынталандыруды күшейтеді, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
АҚШ Венесуэланың уақытша президентіне салынған санкцияларды алып тастады
АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригеске қатысты енгізілген санкцияларды алып тастады. Бұл туралы ресми ведомство хабарлағанымен, шешімнің нақты себептері жария етілмеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Қазақстан Премьер-министрі ТМҰ елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Баку қаласына жұмыс сапары аясында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық қабылдауына, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінің үкіметтері басшылары мен вице-президентінің кездесуіне қатысты, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктіге сот-психиатриялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сараптама қорытындысы шыққан соң іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады
Қазақстанда электр энергиясына деген сұранысты өтеу және энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейту мақсатында көмір генерациясын дамытуға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа бастама аясында 2030 жылға дейін 8 электр станциясы салынып, қолданыстағы 11 нысан жаңғыртылады, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға жол ашады, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Өңірдің көлік-логистикалық қуаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазір еліміздегі тауардың 60 пайызы теміржолмен тасымалданатынын, сондықтан теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» бағытындағы жаңа теміржол желілерін іске қосуды міндеттеді. Бұл орайда жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын ескертті.
02 Сәуір, 2026
Қалдықты қайта өңдейтін кәсіпорын
Ресми деректерге үңілсек, жыл сайын еліміздің әр аймағынан 5 млн тоннадан астам қоқыс шығарылса, соның шамамен 1 миллионы сұрыпталады екен. Сұрыптаудан өтпеген басқа қоқыс түгел арнайы полигонға көміледі. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеп, кәдеге жарату туралы тапсырманы әкімдіктер қолдағанымен, шаруаны үйлестіру, салаға инвестиция тарту оңай шаруа емес. Жуырда қауіпті-қауіпсіз қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеумен айналысатын «НТП Kazecotech» ЖШС жұмысымен арнайы танысып қайттық.
02 Сәуір, 2026