Фото: Ашық дереккөзден
Тергеу барысында лауазымды тұлғаның жеке құрам қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды.
Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа жолданған.
Сарыөзектегі сарбаз өлімі: Министрлік түсініктеме берді
«Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында», делінген хабарламада.
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша алдын ала тергеу деректерінің басқа мәліметтері жария етілмейді.
Еске сала кетейік, бұл іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынған еді. Ал Қорғаныс министрлігі сарбаздардың қаза болуына байланысты ресми мәлімдеме жасап, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шұғыл іс-шаралар кешені қабылданғанын хабарлады.