Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Дональд Трамп әкімшілігі Каракас билігімен сындарлы диалогқа көшкенін жазып жатыр. Бұл қадам екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңге өтуі мүмкін екенін аңғартады.
Өз кезегінде Делси Родригес бұл шешімді екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам деп бағалады.
Инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар: Венесуэланың мұнай нарығы өзгере ме?
Еске салайық, Родригес биылғы қаңтардан бері Венесуэлада уақытша мемлекет басшысы қызметін атқарып келеді. Ол билікті Николас Мадуродан кейін қабылдаған. Бұған дейін саясаткер атқарушы вице-президент лауазымын иеленіп, сондай-ақ елдің мұнай өнеркәсібі министрлігін басқарған.
Сарапшылардың пікірінше, санкциялардың алынуы Вашингтон мен Каракас арасындағы экономикалық және саяси байланыстарды жандандыруға ықпал етуі мүмкін.