үй
Оқиға • Кеше
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Алматы қаласында орналасқан Hilton қонақүйінде қызметкерлерді ғимараттан күштеп шығару әрекеті жүріп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Жетісу облысында жарты тонна заңсыз ақбөкен мүйізі табылды
Панфилов ауданында полиция прокуратурамен және ҰҚК-мен бірлесіп жалпы салмағы 500 келіден асатын сирек кездесетін жануарлардың 1,6 мыңнан астам мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Жазатайым оқиға Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 21 Мамыр, 2026
Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты
Германия билігі Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті елге экстрадициялаудан бас тартты. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 21 Мамыр, 2026
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Елімізде ипотека арқылы баспана алу қиындайды. Шілде айынан бастап ипотекалық несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға азаяды. Ел пайыз төмендеді деп қуанғанымен, банктер енді баспананы кімдерге берілетінін біраз талдап, таразылап барып шешетін болады. Сарапшылардың айтуынша, енді ипотека алғысы келген азаматтың қарыз жүктемесі мен табысы банк тарапынан мұқият тексеріледі. Бұған дейін де оңай болмаған үйлі болу мәселесі, одан әрі де қиындай түспек. Аталған мәселеге байланысты саладағы сарапшыларға Egemen.kz тілшісі сауал жолдады.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды
Жол бойындағы бейнекамералардың арқасында республикалық автожолдардағы апаттың саны азайған, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Шымкентте балаларын үтікпен күйдірген анаға үкім шықты
Шымкентте өз балаларын азаптаған әйел сотталды. Сот шешімімен оған 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
Бүгін Астанада өтіп жатқан симпозиумдағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы көптеген беделді ғалымдардың пікірінше, қазір Алтын Орданың ақша жүйесінде мән-маңызы айрықша жаңалықтар ашылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы тоқтатылды
Астана қаласының «Нұра» ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешен құрылысында заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Алматыда 5%-дық ипотека беріледі: Жастарға арналған бағдарламаның шарттары қандай?
Алматыда 1 маусымнан бастап жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесін ұсынатын «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Құжат биылғы жылдың 1-15 маусым аралығында қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Елордада тыйым салынған жерге көлік қойғандарды енді камерасы бар арнайы көліктер тіркейді
Астанада жол қауіпсіздігін күшейту және заңсыз автотұрақтарды азайту мақсатында жаңа мобильді бақылау жүйесі іске қосылды. Енді «Заң мен тәртіп» логотипі бар арнайы кешендер көшелерді бақылап, ереже бұзған көліктерді автоматты түрде тіркейді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Мамыр, 2026
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Шабуылшы Дастан Сәтпаев «Қайрат» пен «Ұлытау» арасындағы матчта соққан голынан кейін лондондық «Челси» (Chelsea F.C.) жанкүйерлерінің назарын аударды. «Челси» клубы туралы жазатын SHAYEE парақшасы жас футболшының ойынына жоғары баға берді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 10 Мамыр, 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Бүгін Астана қаласының Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тілсіз жауды жедел ауыздықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 08 Мамыр, 2026
Ерлан Қарин: Заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, елде биыл наурыз айында өткен референдумда қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен қағидаттарын іске асыру бойынша жүйелі әрі кезең-кезеңімен жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2026
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында оның астаналық жанкүйерлері шала туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. DQ Dears Astana, Еуразиялық фан-клуб және Dimash Ukraine Dears EFC өкілдері «28 ілмек Астана» клубына 290 орам жүн жіп тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 04 Мамыр, 2026
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Қазақстанда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін елдің саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Атырауда 74 жастағы қария қазақ тілін үйреніп жүр
74 жастағы Карим Шәріпов «Speak Up Atyrau» жобасына қатысып, бірнеше айдың ішінде қазақ тілінде тұрмыстық деңгейде еркін сөйлей бастағанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Елімізде кедендік рәсімдерді автоматтандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адами факторды барынша азайту мақсатында «KEDEN» ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 28 Сәуір, 2026
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында ауқымды музыкалық флешмоб өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Сәуір, 2026
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Астанада Есіл ауданындағы Бұқар Жырау көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 28 Сәуір, 2026
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Қазақстанда геология саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мұрағаттық геологиялық деректерді электрондық форматқа көшіру қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының екі қызметкері жұмыс барысында тұз қышқылына күйіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Сәуір, 2026
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Елордада Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел штаб құрылып, тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қазақстанда 27 наурыздан бастап су есептегіштеріне қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Бұл өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі және ол 2029 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қазақстанда тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет есебінен жабу бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелердің мақсаты – заңсыз қосалқы жалдау мен жалған тұру фактілеріне тосқауыл қою, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
20 сәуір күні полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның тұрғаны туралы хабар түскен. Тексеру барысында оның Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен секіруге әрекет жасауы мүмкін болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2026
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Елімізде ипотекалық нарықта жаңа өзгерістер енгізілді. Енді коммерциялық банктер де тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесіне қатысып, азаматтарға жаңа ипотекалық өнімдер ұсына алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Семей қаласындағы үй жануарын қорлау фактісі бойынша азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Қазақстанда су бұру жүйелерінің сапасын арттыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу және жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың дене шынықтыруын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білім ордасында соңғы жылдары спорттық инфрақұрылымды нығайтуға айрықша көңіл бөлініп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.