туризм
Аймақтар • Кеше
Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген
Жетісу облысында экологиялық туризмді дамытуда «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері негізгі бағытқа айналды. Инфрақұрылымның жақсаруы нәтижесінде бұл нысандарға келушілер саны айтарлықтай өскен: 2024 жылы 27 мың турист тіркелсе, өткен жылы көрсеткіш 39,5 мыңға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 28 Қаңтар, 2026
Абай елінің туристік ахуалы қалай?
Кеше Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдегі туризм саласының дамуы және Алакөлдегі ахуал туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 27 Қаңтар, 2026
Туризмді жарнамалау тоқырап тұр: Шетелдіктерді тарту құралдары неге 4 жыл бойы жаңартылмаған?
Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Үкімет туризм саласын дамытуды ерекше бақылауда ұстайды. Үкімет отырысының қорытындысына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектенов туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту, қызмет сапасын арттыру және табиғи байлықтарды сақтау мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 27 Қаңтар, 2026
Қазақстан – Amazon Prime мен Euronews назарында: Туристік турлар саны 3 есе артты
Қазақстандағы қонақ үйлер мен мейрамханалар туристік бағыт ретінде елдің тартымдылығын арттыра отырып, халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда жаңа шаңғы тебу аймағы ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы тау кластерін, Щучье-Бурабай курорттық аймағын және Маңғыстауды дамыту жоспарлары бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстан туристер үшін ең тартымды елдер қатарына кірді
Туристерге ұсынылатын әлемнің ТОП-25 елінің қатарына Қазақстан да енді. Еліміздің басты туристік астанасы – Алматы бірнеше аралдық аумақтарды басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 15 Қаңтар, 2026
Алматы әлемде үздік 14 туристік бағыттың тізіміне енді
Алматы қаласы – әлем бойынша үздік деп танылған 14 туристік бағыттың тізіміне енді. Аталған рейтингте мегаполис Лондон, Барселона, Палм-Спрингс қалалары мен Сардиния аралдарынан кем түспейтін көрінеді. Бұл жөнінде халықаралық Vogue журналы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Қаңтар, 2026
2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Еліміздің 20 өңірінде 55 ауқымды іс-шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Елімізде тек шетелдіктер кіре алатын казинолар салынады
Туризм саласын дамыту мақсатында еліміздің бірқатар өңірінде ойын аймақтарын салу мүмкіндігі бойынша әлеуметтік-экономикалық зерттеу жүргізілді. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, жаңадан салынатын ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қызмет көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 06 Қаңтар, 2026
Қыста демалуға лайық 13 тау шаңғы курортын білесіз бе?
Қысқы маусым басталысымен Қазақстанның әр өңіріндегі тау шаңғы курорттары туристер үшін өз есігін айқара ашты. Бүгінде ел аумағында шаңғы, сноуборд және басқа да қысқы белсенді демалыс түрлеріне арналған 13 бағыт жұмыс істейді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Тау шаңғысы туризмін дамыту үшін тың тәсілдер қажет
Бүгін Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Президентке сұхбат барысында қойылған сұрақтардың бірі – туризм саласы туралы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Қаңтар, 2026
Баянауылда қысқы туризм ашылды
Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр демалыс аймақтары жаңа жылдық демалыс күндері туристерді қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
2025 жылы Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Желтоқсан, 2025
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының үздік өкілдерін марапаттауға арналған «Үздік – 2025» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады
Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады. Оның ішінде бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету сынды мәселелер бар, деп хабарлайды Ақорда.
Алматы • 18 Желтоқсан, 2025
Шымбұлақта сапа мен қауіпсіздік әрдайым назарда
Бүгін Shymbulak тау курортының қысқы маусымы ашылуына орай баспасөз туры өтті. Журналистерге курорттың сервисі мен инфрақұрылымының жаңғыртылуы таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 17 Желтоқсан, 2025
Қысқы туризм: Қазақстанда 14 тау-шаңғы курорты бар
Қазақстанда қысқы туризмді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ел аумағында 14 тау-шаңғы курорты бар, оның 12-сі жұмыс істеп тұр, біреуі қайта жаңғыртылуда, ал екеуі уақытша қызмет көрсетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Желтоқсан, 2025
Алматыда туристік компанияға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласының полициясы туристік қызмет көрсетумен айналысатын Abylai tours компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен АҚШ арасында әлі күнге неліктен тікелей әуе рейсі ашылмады?
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуы неге кейінге қалғаны туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 06 Желтоқсан, 2025
Шымбұлақ биылғы жаңа маусымын Après Ski дәстүрімен бастады
Бүгін, 6 желтоқсан күні Шымбұлақ тау-шаңғы курортының қысқы маусымы салтанатты түрде ашылды. Мыңдаған адам куә болған жаңа маусымның ашылуында күні бойы бес жерде концерт қойылып, сырғанайтын жолдарда спорттық, мерекелік шаралар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 05 Желтоқсан, 2025
Индонезия Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізуі мүмкін
Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізіп, тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынып отыр. Бұл туралы Индонезия Республикасының Қазақстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
Танымал шетелдік фотограф Маңғыстаудағы туристік нысандарды әлемге танытты
Әлеуметтік желіде миллион жазылушысы бар шетелдік танымал фотограф Макс Райв Қарынжарық ойпаты мен Боқты тауын суретке түсіріп, жеке парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды
Туризмнің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған 41 елден 251 мүшені біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянсқа (World Tourism Alliance, WTA – үкіметтік емес ұйым) 2025 жылы Алматы толыққанды мүше болды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 13 Қараша, 2025
Түркістанға Өзбекстаннан келетін туристер саны артты
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 830 мың турист келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қараша, 2025
Жазғы Сурдлимпиада ойындары қарсаңында ұлттық құрамаға Мемлекеттік Ту табыс етілді
Бүгін, 8 қарашада "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 08 Қараша, 2025
Алматының туристік әлеуеті Лондонда таныстырылды
Алматы қаласы 4-6 қараша аралығында ExCeL London кешенінде өткен World Travel Market (WTM) London 2025 халықаралық туристік көрмесінде Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Қараша, 2025
Баянауылда жеті ірі туристік жоба жүзеге асырылып жатыр
Олардың қатарында жағажайларды абаттандыру, бақылау алаңдарын салу, мәдени және экологиялық бағыттарды дамыту, сондай-ақ ішкі туризм инфрақұрылымын жетілдіру жобалары бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 22 Қазан, 2025
Маңғыстау табиғатын әуе шарымен тамашалау мүмкіндігі туады
Анталия қаласында өткен халықаралық Antalya Tourism Fair 2025 туристік көрмесі аясында Маңғыстау облысының туризм басқармасы, түрік компаниясы Uluer Group және Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ) арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашев, Uluer Group компаниясының бас директоры Сами Махмұт Улуэр және ҚТҚ президенті Роза Асанбаева қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеп.
Туризм • 17 Қазан, 2025
«Шымбұлақ» – ТМД елдеріндегі ең үздік тау-шаңғы кешені атанды
Еліміздің «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне ТМД мемлекеттеріндегі «ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымы берілді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Қазан, 2025
Қазақстанның санаторий-курорттық ұйымдарына жыл сайын жарты миллионға жуық адам келеді
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық туризмнің негізгі бағыттарының бірі ретінде санаторлық-курорттық аймақтарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда, деп жазады Egemen.kz.