оқушы
Зерде • 28 Сәуір, 2026
19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвада өткен білім бәйгесінде топ жарды
Қазақстан оқушылары Еуропаның жаңа білім бәйгесінде топ жарып, ел мерейін асқақтатты. 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет өткен European Mathematical Olympiad халықаралық додасында ұлттық құрама командалық есепте 1-орын иеленді. Беделді білім сайысына 19 елден 21 команда, жалпы 126 оқушы қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 27 Сәуір, 2026
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған елордалық оқушылар зор жетістікке жетті. Олар екі бірдей басты марапатты иеленіп, ел мерейін асқақтатты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Сәуір, 2026
Қазақстандық оқушы Сингапурда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде иеленді
Сингапурда өткен FIRST LEGO League Singapore 2026 халықаралық робототехника чемпионатында 5-сынып оқушысы Тұрман Аманжол Қазақстан намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2026
Алматыда мектеп оқушылары танымал әншімен бірге ән айтты
Алматы қаласындағы № 141 орта мектепте «Жұлдызбен кездесу» атты кеш өтті. Танымал әнші Өмірқұл Айниязов арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқушылар мен ұстаздар қауымына ұмытылмас қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына еліміздегі «Келешек» мектептерінің оқушылары жаппай атсалысып жатыр. Бүгін 185 мектептің шәкірттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Атырауда жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып кетіп, бала ауруханаға жеткізілді. Бұл – соңғы бір ай ішінде балалардың қатысуымен болған екінші ауыр оқиға, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Алматы қаласының полиция департаменті мектептердің бірінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды. Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілер арқылы белгісіз адамдардың ықпалында болған оқушы мектепке балта алып келуі мүмкін деген күдікпен тексерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Астананың №36 мектебінде оқушылар арасындағы төбелес қоғам назарын аударды. Ал кейбір ата-аналар мектеп әкімшілігінің әрекетін сынап, мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етті. Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық ахуалына әсер еткен жағдайға ата-аналар ашық наразылық білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Сәуір, 2026
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Алматы қаласының 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Сәуір, 2026
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Түркияның Шанлыурфа провинциясында мектепте қарулы шабуыл болып, 16 адам зардап шекті. Оқиға Ахмет Коюнджу атындағы Анатолия кәсіби-техникалық лицейі аумағында болған. Мәліметтерге сәйкес, 19 жастағы жігіт алдымен мектеп ауласында, кейін ғимарат ішінде ұзын ұңғылы қарумен оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Сәуір, 2026
«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді
Мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2026
Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті
Апат таңғы уақытта, балалар сабаққа бара жатқан кезде болған. Оқушы қыз жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны көлік қағып, алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 02 Сәуір, 2026
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Елордадағы мектептердің бірінде педагогтың оқушыға физикалық күш қолданғаны анықталып, ол қызметінен босатылды. Бұл деректі қала әкімдігінің Білім басқармасы растады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Таразда 11-сынып оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды
Тараз қаласындағы жеке мектептің 11-сынып оқушысы сот арқылы өз әкесінен алимент өндіріп алды. Ай сайын 68 мың теңге көлемінде оқу ақысын төлейтін қыз ұзақ жылдар бойы өміріне араласпаған және материалдық қолдау көрсетпеген әкесінен заң жүзінде көмек алуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Наурыз, 2026
Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаздарға алтын медаль табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Наурыз, 2026
Алдағы жылдары мектеп оқулықтары толығымен жаңартылады
Елімізде мектеп оқулықтарын жаңарту жұмысы жүйелі түрде жалғасады. Алдағы жылдары білім мазмұнын жетілдіру мақсатында бірқатар сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары кезең-кезеңімен әзірленіп, қолданысқа енгізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды
Атыраудағы мектептердің бірінде жарақат алған оқушы қыз аурухананың жансақтау бөлімінен хирургиялық палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елордада бүгін қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?
Оқу жылындағы ең ұзақ ІІІ тоқсан 19 наурызда аяқталады. Оқу-ағарту министрлігі тоқсанның аяқталуына байланысты оқушыларға 11 күндік демалыс берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 02 Наурыз, 2026
Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты
Абай облысының Аягөз қаласындағы №5 мектептің 6-сынып оқушысы Малика Тұрсын заманауи технологиялармен жабдықталған смарт-сөмке жасап шығарды. Алғаш көргенде кәдімгі рюкзакқа ұқсайтын бұйымның басты ерекшелігі – балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған функцияларының болуы, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласында сабақ барысында 7 жастағы оқушы қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасалған. Аталған дерекке байланысты мектеп мұғалімі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Ақпан, 2026
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 27 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Ақпан, 2026
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Қазақстанда оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына заң жүзінде шектеу қойылған. Бұл норма 2024 жылы «Білім туралы» заңға енгізіліп, 2026 жылдың ақпан айына дейін елдегі барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Ақпан, 2026
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Ел мектептерінде үшінші оқу тоқсан аяқталуға жақын. Белгіленген кестеге сәйкес, 2026 жылғы көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. Жалпы 11 күнге созылатын бұл демалыс Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кеткен
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғимаратынан құлаған оқушының қазіргі жай-күйі туралы Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімет таратты. Дәрігерлердің айтуынша, 18 жастағы бозбалаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2026
Таразда оқушы қызды ұрламақ болған ағайындылар қамауға алынды
Тараз қаласының тергеу соты 13 жастағы мектеп оқушысын ұрламақ болған ер адамдарды екі айға дейін қамауға шешім шығарды. Бұл туралы тергеу сотының төрайымы Раушан Исмаилова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр
Атырау облысының Доссор кентінде 10-сынып оқушысы көз жұмды. Осыған байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2026
Петропавлда оқушы үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. 17 ақпанда оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Қазақстандағы білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын оқыту процесіне сауатты әрі сапалы енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?
Соңғы жылдары елімізде балалар арасындағы буллинг белең алып келеді. Қатарластары тарапынан мазаққа ұшырап, әлімжеттік пен дөрекілік көргендері томаға тұйықталып, қоғамнан оқшауланып жатыр. Кейбірі тіпті тығырықтан шығатын жол таппай, өз-өзіне қол жұмсайды. Технология дамып, әлеуметтік желінің ықпалы күшейген сайын киббербулингке ұшырайтын балалар саны да артып отыр, деп жазады Egemen.kz.