фото: ашық дереккөз
Бұл мәліметті қалалық білім басқармасы растады. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға «Нұртас» жекеменшік мектебінде тіркелген.
«Кәмелетке толмаған қыз балаға информатика пәні мұғалімі тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасалғаны анықталды», деп мәлімдеді басқарма өкілдері.
Шымкент қалалық полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ретінде қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Астанада 82 жастағы қария шөбересіне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін кешенді шаралар жүргізеді. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр.
Полиция өкілдерінің айтуынша, тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Барлық процессуалдық әрекеттер заң талаптарына сәйкес жүзеге асады.