фото: ашық дереккөз
Оқиға Binom жеке мектебінде үзіліс кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сыныпта оқитын қызды үшкір затпен (пышақ немесе қайшы болуы мүмкін) кеуде, қол және мойын аймағынан жарақаттаған. Полиция күдіктіні ұстап, қылмыстық іс қозғалғанғанын мәлімдеді.
Шабуылдың себебі әзірге белгісіз. Мектеп директорының айтуынша, күдікті бұған дейін қылмыстық немесе психоневрологиялық есепте болмаған. Ол тек академиялық үлгерімі төмен оқушылар тізімінде болған.
Binom Атырау мектебінің директоры Өнербек Ерғалиев тергеу әрекеттеріне байланысты толық пікір білдіре алмайтынын, сондай-ақ мектеп әкімшілігі немесе ұстаздардың кәмелетке толмаған оқушылардың сөмкелерін тексеруге құқы жоқ екенін айтқан.
Күдіктінің ата-анасы баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін айыппұл төлеген. Осы оқиғадан кейін Binom мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.