айыппұл
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?
Елімізде осы жылдың алғашқы екі айында жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) бұзу деректері азайған. Алайда сарапшылар бұл көрсеткіш жолдағы тәртіптің күрт жақсарғанын білдірмеуі мүмкін екенін айтады. Мамандардың пікірінше, статистикадағы өзгеріске автоматты бейнебақылау жүйелерінің қолданылу деңгейі әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Қостанайда төленбеген 102 айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Қостанай облысының Қарабалық кентіндегі «Рубеж» бақылау бекетінде патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік тіркеудегі Lada Granta автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
735 мың теңге: Қазақстанда жаңа айыппұл пайда болуы мүмкін
Қазақстанда жеке детективтердің қызметін реттейтін жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр. Мәжіліс депутаттары жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатта заң талаптарын бұзғаны үшін жеке мамандарға да, бизнес субъектілеріне де айыппұл салу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 03 Наурыз, 2026
Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қазақстандық филиалы қоршаған ортаны ластағаны үшін 2 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Жамбыл облысында үш оқушының ата-анасы балаларының мектептегі буллинг әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
2026 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (№257-VIII Заң) енгізілген түзетулер күшіне енеді. Енді автоматты түрде құқық бұзушылықтарды тіркеу тек жүргізушілерге ғана емес, кез келген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Тараз қаласында Сүлейменов көшесіне қойылған жылдамдықты шектеу белгісі заң талаптарына сай рәсімделмегені анықталды. Соның салдарынан 32 мыңнан астам жүргізуші негізсіз айыппұл төлеген. Енді мемлекет 345,3 миллион теңгені қайтаруға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті бөлшек саудадағы әуе отыны нарығын тексеріп, заңсыз әрекеттерді анықтады. Анықталғандай, әуежай кәсіпкерлерден қосымша төлем талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров «Қазақфильм» киностудиясы екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2026
Павлодарда жол күтіміне немқұрайды қарағандар жазаланды
Павлодар облысының полицейлері өңірдегі автожолдардың сапасына ауқымды тексеру жүргізді. Тек қаңтар айының ішінде 3 мың шақырымнан астам жол қаралып, нәтижесінде 200-ден астам ақау анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Ресей елшілігі адыраспанға байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі ел азаматтарына адыраспанды Ресей аумағына алып кіруге тыйым салынғанын еске салды. Бұл үшін Ресей заңнамасына сәйкес ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыздан бастап қоғамдық орындарды қоқысқа толтырғандар қатаң жазаланады
Қалалар мен елді мекендердегі қоғамдық жұмыстарды қадағалауды күшейтуге бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер 2026 жылдың наурыз айында күшіне енеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
«Соқыр болғың келе ме?»: Бойжеткенді қорқытқан әйелге 85 мың теңге айыппұл салынды
Әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы тұрғын үй подъезі маңында белгісіз әйелдің бойжеткеннің соңынан аңдып, жанжал шығарған бейнежазбасы кеңінен тарады. Оқиғаның қалай болғанын және немен аяқталғанын жәбірленуші Threads желісінде айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Атырауда браконьерлерге 31,7 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облысында былтыр заңсыз балық аулауға қатысты 2200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Браконьерлерге салынған айыппұлдың көлемі 31,7 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі
Елордалық «Astana Recycling Plant» ЖШС-ға тариф бағасын негізсіз көтергені үшін 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 23 Қаңтар, 2026
Айыппұлсыз жыл: Биыл шағын бизнеске жеңілдік берілді
Президент тапсырмасына сәйкес 2026 жыл шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең болады. Салық есептілігіндегі қателіктер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды
Жүргізуші 1 жыл ішінде 155 рет жол ережелерін өрескел бұзған. Ол тіпті биылғы 16 күннің ішінде 18 рет жол ережесін бұзып үлгерген екен, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 14 Қаңтар, 2026
Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында соңғы 2 айдың ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 74 әкімшілік шара қолданылып, 481 030 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды
Қысқы каникул күндерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген рейдтер барысында Ақтөбе облысында түнгі уақытта бақылаусыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Соның ішінде бірнеше қайтара тәртіп бұзған 27 кәмелетке толмаған жастың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда балағат сөздер мен қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатын ақшалай санкциялар көлемі ұлғайды. Бұл айыппұлдар мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Министр: Жеке деректерді жария қылғандар айыппұл арқалайды
Қазақстан мәліметтерді жасырып, хештеуді, сондай-ақ ақпарат таратумен күресу үшін базадан ақпаратты жаппай пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект министрі Жасұлан Мәдиев депутаттық сауалға жауап беру барысында айтты. Ол Қазақстанда тексеріс жүргізіп, дербес деректер саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі қарастырылатынын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Қырғызстанда сайлауға қатыспағандарға айыппұл салынуы мүмкін
IV Ұлттық құрылтай қорытындысын шығару барысында Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарына азаматтардың сайлауға міндетті түрде қатысуын қарастыратын заң жобасын дайындауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанай мен Қызылорда әуежайларына айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай мен Қызылорда қалаларындағы әуежайларды әуе отынының бағасын негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл түні қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?
Жаңа жыл мерекесінде айыппұл салынатын жағдайлар тек отшашумен шектелмейді. Мерекеде тыныштық сақтау ережесін бұзбаған жөн, әйтпесе тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Шымкент әуежайы авиаотын бағасын қолдан өсірген
Шымкентте жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғандарға 52 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Соның ішінде «Шымкент әуежайы» АҚ авиаотын нарығында монополиялық жоғары баға белгілегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Қыста мұз қатпай тұрып өзен-көлдерге шыққандар айыппұл төлейді
Енді елімізде қыста мұз қатпай тұрып өзен-көлдерге рұқсатсыз шыққандар 27 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Атырауда кемшілікті түзетпеген ауруханаға 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Махамбет аудандық ауруханасында ақпан-наурыз айларында өрт қауіпсіздігіне байланысты 20 бұзушылық анықталған. Содан бері 8 кемшілік әлі түзетілмеген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Қазақстан Парламенті БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Әкімшілік киіз үй тұрғызғандарға айыппұл салды
Үшінші мегаполисте Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері кезекті тексеруді Еңбекші ауданы, Маятас елді мекенінде рейд жүргізіп, «Рахат-Бадам» ЖШС-нің демалыс аймағында қора және киіз үйдің заңсыз салынғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытынан 4,3 млн теңге айыппұл өндірілді
Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, зауыт аумағында бензин төгілген. Осыған байланысты зауытқа 4 млн 325 мың теңге айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.