Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:35

Газ өлшеудегі заңбұзушылық: Қарағандыда станцияға айыппұл салынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда автогаз құю станциясында сұйытылған газды сату барысында заң талаптары сақталмағаны анықталды. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде өлшеу құралдарының міндетті тексеруден өтпегені белгілі болып, кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz

Газ өлшеудегі заңбұзушылық: Қарағандыда станцияға айыппұл салынды

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тұрғынның өтініші негізінде тексеру жүргізген. Нәтижесінде қаладағы Пригородная көшесінде орналасқан автогаз құю станциясында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.

Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады

Атап айтқанда, сұйытылған газды сату кезінде қолданылатын УЗГС-01 типті газ құю қондырғысы міндетті салыстырып тексеруден өтпей пайдаланылған. Мұндай құралдарды қолдану өлшеу нәтижелерінің дәлдігіне күмән келтіріп, тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын әрі тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын пайдалану заңбұзушылық саналады. Бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан

Тексеру қорытындысында кәсіпкерлік субъектісі қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен 670 375 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар кәсіпорынға анықталған бұзушылықтарды жою және газ тарату колонкаларын тиісті тексеруден өткізу туралы нұсқама берілді.

Мамандардың айтуынша, техникалық реттеу және метрология саласындағы талаптарды сақтау – тұтынушылардың құқығын қорғаудың және қызмет көрсету барысында өлшеу дәлдігін қамтамасыз етудің басты кепілі.

Ресей Еуропаға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар